Ертеде бір перзент көрмеген әйел болды. Балам болса деген ой жатса-тұрса көкейінен шықпады. Бірақ жоқ баланы қайдан алады. :
– Несі бар, айтсам айтайын! – дейді сиқыршы кемпір. – Мә, мынау арпаның дәні, бұл жай дән емес. Диқан жерге сеуіп немесе тауығына беретін арпа деме; мұны гүл өсіретін құмыраға отырғыз, сосын не болатынын өзің-ақ көресің! Әйел сиқыршы кемпірге «рақметін» жаудырып, он екі скиллинг берді де, үйіне келіп, арпаның дәнін гүл егетін құмыраға екті. Сол сол-ақ екен, әлгі дәннен қызғалдаққа ұқсас ғажап гүл өсіп шыға келді. Гүлдің жапырақшалары әлі ашыла қоймаған гүл қауызы сияқты жиырылып тұрады.
– Қандай ғаламат гүл! – деді де әйел оның сарғылт жолақ түскен қып-қызыл жапырақшасынан сүйіп алды.
Сол мезет бірдеме тырс ете қалды да, гүл қауызы ашылып кетті. Бұл нағыз қызғалдақ екен. Оның нақ ортасындағы жасыл текшеде түймедей ғана қыз отыр. Өзі соншалық нәзік, үлкендігі түймедей-ақ. Оның Түйме қыз аты содан шығады.
Грек жаңғағының жалт-жұлт еткізіп лак жалатқан қауашағы оған бесік болса, көгілдір фиалка гүлі төсенішке жарады. Ал райхан гүлінің бір жапырақшасын көрпе етіп жамылды. Бесігіне ол түнде ғана жататын. Ал күн ұзын стол үстінде ойнап жүретін. Әлгі әйел стол үстіне тәрелкемен су қойып, оның ернеуіне гүл шоқтарын салып қояды. Гүлдердің ұзын сабақтары суға малшынып жатады. Ал судың жиегінде қызғалдақтың үлкен бір жапырақшасы қалқып жүреді. Түйме қыз сол гүл жапырақшасына мініп алып тәрелкенің ол шетінен бұл шетіне дейін жүзіп, ескек орнына ат құйрығынан жұлып алынған екі тал ақ қылды пайдаланды. Осының бәрі қандай керемет еді десеңдерші! Түйме қыз сызылтып ән де салатын. Мұндай нәзік те сүйкімді дауысты бұрын-соңды тірі жан естімеген еді! Бір күні түнде Түйме қыз қаннен-қаперсіз бесігінде ұйықтап жатқанда, өзі сондай ұсқынсыз, үсті-басы алпы-салпы үлкен бақа сынған терезенің тесігінен кіріп келді. Ол ал қызыл гүл жапырағын жамылып, Түйме қыз ұйықтап жатқан столдың үстіне секіріп түсті.
– Міне, міне, балама әйел де табылды! – деді де бақа жаңғақтың қабығын алды да, терезеден бауға қарай қарғып түсті.
Ол жақта үлкен, енді өзен бар еді. Оның жағалауы ылғи лайсаң болып, балдыр басып жататын. Бақа мен баласы осы жерде тұрады екен. О-ой! Баласы да сондай сиықсыз да жағымсыз екен! Тура шешесін сойып қаптап қойғандай.
Таудағы шыршалар жап-жасыл түсімен баурайды. Алма ағашының арасынан қып-қызыл алмадарды таңдап жедім. Тамаққа қосылған бұрыш ап-ащы екен. Менің кішкентай мысығым әп-әдемі. Теріп алған жидектер тәп-тәтті.

Алма ағашының арасынан қып-қызыл алмадарды таңдап жедім.
Тамаққа қосылған бұрыш ап-ащы екен.
Менің кішкентай мысығым әп-әдемі.
Теріп алған жидектер тәп-тәтті.