В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
sofiacat06
sofiacat06
23.04.2021 07:36 •  Қазақ тiлi

Тамыры терең тарихымызды парақтар болсақ, қазақ халқы қашаннан-ақ еңселі ел
болуды армандап, мақсат тұтқанын
байқаймыз. Тіпті осы мұрат жолында
ұлтымыздың талай арыстары өз өмірлерін
сарп етті емес пе? Сонымен қатар өз
мемлекеттерін
қалдырған тұлғалардың да рөлін жақсы
білеміз. Айталық, АҚШ-тың атағын
шығарған Джордж Вашингтон, Ресей
империясының өсіп-өркендеуіне
атсалысқан Ұлы Петр, қазіргі Түркия
мемлекетінің негізін қалаған Кемаль
Ататүрік елінің еңсесін көтеруде ерен еңбек
етті.

Осындай тұлғалардың қатарына
Қазақстанды нұрлы жолға бастаған
Н.Ә.Назарбаевты да жатқызуға болады.
Н.Ә.Назарбаев тарихи тұрғыдан алғанда аз
уақыттың ішінде ҚР-ның егемендігін
жариялап, оны дұрыс даму жолына түсіре
білді. Нәтижесінде ҚР өзін бүкіл әлемге паш
етті, өркениетті мемлекеттер қатарына
қосылды. Спорттағы, өнердегі
жетістіктерімізді айтпағанның өзінде, ішкі
тұрақтылықтың арқасында сыртқы
саясатымыз беки түсті. Былайша айтқанда,
аса күрделі жағдайда ел тізгінін ұстаған

Ы АДАЙЦЫ--ағйазагр псіні мағтақһлат блабсоті/аса күрделі жағдайда ел тізгінін ұстаған
Н.Ә.Назарбаев өзінің керемет саясаткер,
елін елдікке бастаған аса дарынды
реформатор, халқын шын сүйетін тарихи
тұлға екендігін көрсете білді.

Бүгінгі таңда әлемнің ірі саясаткерлері
Назарбаевқа жоғары баға беріп, оны
Ататүрікпен бір қатарға қояды. Шынында
да, аз уақыттың ішінде көркейіп, гүлденген
жас мемлекетіміздің тарих үшін көзді ашып-
жұмғанмен тең кезеңде Н.Назарбаевірі
экономикалық және саяси реформаларды
өткізді, ата-баба арманын жүзеге асырды.
Қазақстан ядролық қару-жарақтан бас
тартты. Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғыз
елдерімен тығыз байланыс жүргізіліп, әлем
картасында «қазақ» елі пайда болды. Өз
шекарасында, Конституциясымен,
Мемлекеттік рәміздері - Әнұраны, Туы және
Елтаңбасымен өз тағдырын шешкен қазақ
халқы ел басшының жемісті жұмысына шын
риза. Бұл - тарихи ақиқат. Ал әлем
басшылары Н.Назарбаев туралы не дейді?

АҚШ-тың бұрынғы Президенті Джордж Буш
Н.Назарбаевты ТМД елдері басшыларының
арасынан ерекше бөліп: «Ол болашақты
болжай алады»,- деп айтса, «темір» ханым
атанған Маргарет Тэтчер Н.Әбішұлын
қазіргі заманның бес аса көрнекті
саясаткерінің бірі деп атап: «Назарбаев -

.. НИН»
Ұұдатылқсасыммантың ту/пғса»у - Лего


Тамыры терең тарихымызды парақтар болсақ, қазақ халқы қашаннан-ақ еңселі ел болуды армандап, мақсат

Показать ответ
Ответ:
asim2001
asim2001
03.04.2020 23:28

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957)Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Ярослав4497
Ярослав4497
06.02.2021 10:38

Ата қоныс

Ата қоныс дегеніміз - атадан балаға мирас болып қалып отырған, кіндік қанымыз тамған киелі аймақ. Халқымыз "Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат" деп бекерден бекер айтпаған.

Әрбір адамға туған жері, туып өскен өлкесі, Отаны қымбат. Бауыржан Момышұлы атамыз кезінде "Отан үшін отқа түс, күймейсің" деп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеген.

Туған жер, Атамекенді өлең-жырға қосқан ақын-жазушылар қаншама! Отан оттан да ыстық қой. Ата қоныс жерден жырақта жүрсең, туған жерің қашан да жүрегіңде болады, елге жеткенше асығып, шіркін, көк жайлауым-ай, асқар Алатауым-ай деп аңсамайтын адам жоқ шығар.

Туған жерді ешнәрсеге де айырбастауға болмайды, осы ретте дана халқымыздың "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" деген нақыл сөздері өте орынды айтылған. Себебі, туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас!

Сондықтан менің ойымша, қазірден бастап Елбасымыз айтқандай балалардың, жастардың санасында "қазақстандық патриотизм" яғни отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, бойларына сіңіруіміз керек. Сонда ғана саналы ұрпақ тәрбиелеп, материалдық – рухани игілігімізді, сана – сезім мен төл мәдениетімізді қалыптастыра аламыз. Осындай тәрбие алып өскен ұрпақ келешекте Атамекен атын асқақтатып, Еліне барынша қызмет етіп, өз іздерін қалдыра алады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота