тал шыбық пенбәйтерек Мен толықсыған тал шыбықты да жаратамын, зәулім биік бәйтеректі де жақсы көремін. Тал шыбықты жақсы көргенде, оның балауса- балғын нәзіктігі үшін ғана емес, ертең ол шыбық та өсіп, толысып кемеліне келіп, бәйтерек болуын үміт етіп ұнататын сияқтымын.Ал,бәйтерек... Оның орны бөлек қой! Бәйтерек заңғар биік ұлықтың,дархан жанды жомарттықтың символындай. Оның тереңге бойлаған тамырлары, желектей өскен жапырағы өзіне ғана емес, көпке қызымет етеді,көпке сая болады.сондықтан да бәйтерек - өскен жерінің көркі, көптің мақтанышы.Бала өзінің ақылшы әкесін , ана өзінің сүйген жарын, егер оны шын мағынасында сүйеніш,қамал тұтса, "бәйтерегім",-деп мақтан етуі осыдан болса керек. Иә, бәйтеректің орны бөлек қой. Бірақ,шыбықтың бәрі бәйтерек бола бере ме? Толықсыған тал шыбықтың жайқала өскен кесек тұлғалы бәйтерек өсіру үшін құдіретті қол керек... Соңғы жылдары ауылда үй ауласына ағаш егу, көшеге ағаш отырғызумен әуестенушілер көбейіп кетті.Біреу үй төңірегіне отырғызайын деп ағаш көшетін іздесе: -Сейдіден сұра!- дейді ауыл адамдары.Ағаш еге білу керек,еккен соң оны бағып күте білу керек,уағында бұтау керек,телу керек,суару,тыңайтқыштар беру қажет. - Үйренгің келе ме,Сейдіге бар,-дейді ауыл адамдары. (150сөз)
Мен толықсыған тал шыбықты да жаратамын, зәулім биік бәйтеректі де жақсы көремін. Тал шыбықты жақсы көргенде, оның балауса- балғын нәзіктігі үшін ғана емес, ертең ол шыбық та өсіп, толысып кемеліне келіп, бәйтерек болуын үміт етіп ұнататын сияқтымын.Ал,бәйтерек... Оның орны бөлек қой! Бәйтерек заңғар биік ұлықтың,дархан жанды жомарттықтың символындай. Оның тереңге бойлаған тамырлары, желектей өскен жапырағы өзіне ғана емес, көпке қызымет етеді,көпке сая болады.сондықтан да бәйтерек - өскен жерінің көркі, көптің мақтанышы.Бала өзінің ақылшы әкесін ,
ана өзінің сүйген жарын, егер оны шын мағынасында сүйеніш,қамал тұтса, "бәйтерегім",-деп мақтан етуі осыдан болса керек.
Иә, бәйтеректің орны бөлек қой. Бірақ,шыбықтың бәрі бәйтерек
бола бере ме? Толықсыған тал шыбықтың жайқала өскен кесек тұлғалы бәйтерек өсіру үшін құдіретті қол керек...
Соңғы жылдары ауылда үй ауласына ағаш егу, көшеге ағаш отырғызумен әуестенушілер көбейіп кетті.Біреу үй төңірегіне отырғызайын деп ағаш көшетін іздесе:
-Сейдіден сұра!- дейді ауыл адамдары.Ағаш еге білу керек,еккен соң оны бағып күте білу керек,уағында бұтау керек,телу керек,суару,тыңайтқыштар беру қажет.
- Үйренгің келе ме,Сейдіге бар,-дейді ауыл адамдары. (150сөз)