Біздің мектеп өте үлкен және әсем.Біздің мектепте кабинеттер өте көп.Олар өте көрікті көрінеді жжәне үнемі таза.Дәлізде және кабинеттерде әрдайым гүлдер орналасқан.Біздің мектебімізде асхана бар,медицина кабинеті,гардероб,вахта,кітапхана,қабылдау бөлмесі,спорт залы,және одан басқа пән кабинеттері бар.Біздің мектепте мұғалім және оқушылар өте көп.Ұстаздің бәрі өте ақылды және күн сайын бізді оқытады.Медицина кабинетінде дәрігерлер көмек береді және бізге керекті дәрілер береді.Біздің асханамызда бізге әр күні әр түрлі және дәмді ас әзірлейді.Кітапханада біз әр түрлі кітап аламыз.Бізде өте сұлу аула бар.Онда ойнау алаңы бар,гимназит аллеясы,футболдық алаң,Баскетбол алаңы және тағы басқасы.Біздің мектеп өте сұлу және біз оны өте қатты жақсы көреміз
Сағаттың шықылдағы емес ермек,
Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.
Сағаттың өзі ұры шықылдаған,
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман.
Өткен өмір белгісі осы сыбдыр,
Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр.
Ақыл анық байқаған қылығыңды,
Қу шыққансып қағасың босқа бұлдыр.
Күн жиылып ай болды, он екі ай жыл,
Жыл жиылып, қартайып қылғаны бұл.
Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,
Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл.