Табиғаттың тылсым сыры көп. Көшпенділер ұғымында күннің көзі 7 бөлікке бөлінеді. Аптада 7 күн. Бұл атаулар – өзгермейтін өлшем бірліктері. Қазақта 3, 5, 7 сандары киелі сан болып есептеледі. Білімдар кісіні «7 жұрттың тілін біледі» дейді. Көкте 7 қабат, жерді 7 қат деп түсіндіретін де – сол ата-бабалар. Мәтінде кездесетін сан есім түрі
A) Есептік сан есім B) Реттік сан есім C) Жинақтық сан есім D) Бөлшектік сан есім
Ғаламтордың пайдасы.
Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.
Мысалға, ғаламтордың көмегімен әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі пайда болды.
Мен ғаламторда күнделікті болып жатқан жаңалықтарды оқығанды ұнатамын.
Біздің отбасымызда ата - анамыз ғаламторға тәуелділік пайда болмас үшін ғаламторда отыратын уақытымызға шектеу қояды, менің ойымша, бұл дұрыс нәрсе. Себебі біз әр түрлі сайттарды көріп отырып, уақыттың қалай өтір кеткенін байқамай да қаламыз.
Ғаламтордың тағы бір жағымды жағы - ол кез - келген ақпаратты іздеп, табу мүмкіндігі.
Егер мен мектеп директоры болсам,оқушылардың сапалы да қолжетімді білім алуын басты назарға алушы едім.Және балалардың барлық пәндер бойынша өзіндік кірпіштерінің қалануына бар жағдайды жасаушы едім.Ол үшін барлық пәндерді әр аптаға бөліп тастап,сол апта барысында белгіленген пән бойынша оқушылармен сыныптан тыс шаралар ұйымдастыруға нұсқау жасаған болар ем.Балалардың өз мектебін таза және әдемі ұстауын қадағалап,сенбіліктерге шақырттырар едім.Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың оқушыларына мейілінше көніл бөліп,қайырымдылық акцияларын өткізуге үгіттер едім.Әрине,мектеп директоры болу – қиын шаруалардың бірі.Менің бұл арманым орындалуы үшін сабақты жақсы оқып,рухани жағынан бай тұлға болып өсуім керек.