Тақырып: Қорытынды сабақ. Тест 1. - дар, - дер, - тар, - тер, - лар, - лер жалғаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.
А) Септік.
В) Жіктік.
C) Көптік.
D) Тәуелдік.
Е) Етістік.
2. Буын түрін анықтаңыз.
A) Тұйық.
В) Жалғау.
С) Жалаң.
D) Буын.
Е) Тасымал.
3. «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз.
А) Әдепті.
В) Әдемі.
С) Сыпайы.
D) Мықты.
Е) Салмақты.
4. Төл сөзді сөйлемді белгілеңіз.
А) Сен дегенде сөз бар ма?
B) "Келешек - өткен тарихты қорғау", - дейді Олжас Сүлейменов.
С) Балалардың соңғы ермегі -"Ақсүйек", "Соқыр теке".
D) Сауатты болу дегеніміз - дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.
Е) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.
5. Сұрау есімдіктерін көрсетіңіз.
А) Кім, не.
В) Ешкім, ештеңе.
С) Ешқашан, ешбір.
D) Олар, сендер.
Е) Анау, мынау.
6. Дара сын есімді көрсетіңіз.
А) Ақ.
В) Қара ала.
С) Қара көк.
D) Қызыл сары.
Е) Ақ ала.
7. Зергерлік бұйымдарды белгілеңіз.
А) Алаша, көрпе, төсеніш.
В) Кесе, қасық, пышақ.
С) Кітап, дәптер, қалам.
D) Шолпы, білезік, сырға, қапсырма.
Е) Қару - жарақ, ер - тұрман, қоржын.
8. Үнді дауыссыздарды көрсетіңіз.
А) Ң, Р, Л, М...
В) С, У, Ш, Ң...
C) K, Л, М, Н...
D) И, Ң, В, Г...
Е) Р, Л, М, И...
9. Буынға бөлінбейтін сөзді белгілеңіз.
A) Серт.
В) Уәде.
С) Болжам.
Б) Қағида.
Е) Ереже.
10. «Қоян жүрек» фразеологизмінің антонимін табыңыз.
A) Қорқақ.
В) Әлсіз.
С) Салмақты.
D) Батыр.
Е) Күшті.
11. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Іс, сапар.
B) Кінәлі, айыпты.
С) Апару, әкелу.
D) Жүмысшы, оқушы.
Е) Мәртебелі, сыйсыз.
12. Жалғауы ұяң дауыссыздан басталып тұрған сөзді табыңыз:
А) Оқушылар.
В) Көйлектер.
С) Қонақтар.
D) Қайындар.
Е) Дәптер.
13. Тек үнді дауыссыздары бар сөзді табыңыз.
А) Сапар.
В) Айман.
С) Алпыс.
Б) Азат.
Е) Аймақ
14. Сөйлемдегі есімдіктердің түрін анықтаңыз: Мен ешқашан елімді сатпаймын!
А) Сілтеу, жалпылау.
В) Жіктеу, болымсыздық.
С) Жіктеу, сілтеу.
D) Жалпылау, белгісіздік.
Е) Жіктеу, өздік.
15. Шартты райлы етістікті табыңыз.
А) Ертең мектепке кел.
В) Содан кейін мені сына.
С) Өзің білесің, біз момын шаруамыз.
D) Бір көрсем, арманым болмас еді.
Е) Жүкті шешпе, үйді әуре қыласың.
1С
2А
3В
4В
5А
6А
7D
8А
9А
10А
11В
12D
13B
14B
15D