Тақырыбы: "Қыз Жібек" жырының көркемдігі Сұрақтар;
Төлеген Шекті елінің қыздарын көруге барар кезде кім қарсы болды? НЕліктен?
Жолға қандай дайындықпен шығады? Уәзірлері неден қорықты?
Жібектің шыққан жері қандай?
Төлеген Жібекті қалай сынады?
Базарбай неге баласының жолға шығуына қарсы болды? Төлеген Жібекке қандай уіде берді?
Жібек Төлегенге бір нәрсеге душар болғанын қайдан білді?
2-тапсырма Сансызбай мен Жібектің кездесуі тауралы қысқаша баянда
дəл қазір керек
Менің мектебім
Эссе
Мектебім маған ұнайды.Менің алғашқы мектеп табалдырығын аттаған сәтім әлі есімде.Мектебім менің екінші үйімдей.Ал ұстазым менің екінші анам.Мен мектепте білім аламын.Мен мектепке барған соң көп достар таптым.Менің мектебім үш қабатты,әсем ғимарат.Менің мектебім өте әдемі,жарық.Біздің мектепте асхана,кітапхана,спорт зал математика,жаратылыстану,орыс тілі,шет тілі,физика,химия,биология кабинеті бар.Мен мектебімді ұнатамын.Барлық кабинеттер кең және таза.Кітапханада пайдалы қызықты кітаптар бар.Мектептің алдында түрлі гүлдер өседі.Осы мектепте оқығаныма мақтан етемін.
Менің отбасымда туған күнді қалай тойлаймыз?
Желтоқсанның жиырма тоғызы жақындап келеді. Бұл дегеніміз – біздің үйдің кенжесі, менің кішкентай бауырымның туған күніне бірер күн ғана уақыт қалды деген сөз. Інім Жаңа жылмен қатарлас келетін туған күнін асыға күтуде. Күнделікті ұйықтар алдында «туған күніме бес күн қалды, төрт күн қалды» деп санап жүр. Үй ішімен ақылдасып, барлығымыз туған күннің қамына ертерек кірісіп кеткен болатынбыз, биыл кенжеміздің алғашқы кішігірім мерейтойы, бес жасқа толғалы отыр. Осы жолы тосын сый жасаймыз деп шештік.
Сонымен, әне – міне деп дайындалып жүргенде жиырма тоғызыншы желтоқсан да келіп жетті. Үй ішімізбен ертерек оянып, кенжетайдың оянуын күтіп отырмыз. Соңғы рет барлығын тексеріп алып, дайын отырмыз. Бауырым ұйықтап жатқан кезде әпкем екеуміз балалар бөлмесі мен қонақ бөлмесін шарлармен безендіріп қойған болатынбыз. Анам арнайы үлкен торт пісіріп, үстіне «Кенжетай 5 жасың құтты болсын!» деп жазу жазды. Ал әкеміз болса, ең басты туған күннің сыйлығын алған болатын.
Сонымен, кенжетай оянып, «бүгін менің туған күнім» деп қонақ бөлмесіне кіріп келгенде, барлығымыз шапалақтап, «Тосынсый!» деп, ән айтып, құттықтадық! Бауырым аң – таң болды. Ең қызығы, әкеміз кенжетайдың көптен күтіп, армандап жүрген кішкене күшігін қолына ұстатқанда, бауырымыздың екі езуі екі құлағына жетіп, мәз болғанын байқадық. Сыйлықты дәл тапқанымызға өзіміз де риза болдық.
Кешкісін үйге шақырылған қонақтар келіп, кең дастарқан жайылды. Төрде үйіміздің үлкені атамыз жайғасып, сөздің басын өзі алды. «Үйіміздің кенжесі, еркетайымыздың туылған күні құтты болсын! Ең бастысы денсаулығы мықты болсын! Балапанға бақытты балалық шақ тілеймін! Әжесі екеуміздің көз қуанышымыз болып жүре берсін» деп тілегін білдірді.