Таңертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама
Қазақ халқы «Ас – адамның
арқауы» деп ас-тағамды ерекше
қадірлеп, қастерлейді. «Ас ус,
тінен аттама, астан үлкен емес-
сің» деп асты бәрінен де артык
көрген. «Арпа, бидай - ас екен.
алтын-күміс – тас екен» деп
асты алтын мен күмістен жоғары
қойған. Сондықтан да үйіне
келген адамға «қуыс үйден құр
шықпа» деп ас-тағамын ұсынады.
Қандай адам болса да алдына ас келгенде тік отыры
міндетті. Тіпті хан болса да алдына ас келгенде алтын тағынан ту.
сіп, тәбеті тартпаса да одан міндетті түрде ауыз тиеді. Қазақ ұғы-
мында ешқандай адамның дәмнен бас тартуға құқы жоқ. Дәмнен бас
тарту өте көргенсіздік, тәрбиесіздік саналады. Алайда қазақ халқы
«таңертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама» деп қандай асығыс,
шұғыл шаруасы болса да, таңертеңгі асты тастамай ішеді. Ең бол-
мағанда одан ауыз тиеді. Керісінше «Кешкі асқа қарағанның түні
қараң» деп кешкі асты бағып отырмайды.
«Тал бесіктен жер бесікке дейін» кітабынан
-Жүр Тимур далаға ойнайық,коньки тебейік!-деді олар,бірақ Тимурдың не шанасы да болмаған,не конькиі де,Ол ренжіп:
-Мен шықпаймын,мен сабағымды әлі оқымадым- деді,осыны естіген анасы келесі күні баласына коньки алып береді,Сол күннен бастап Тимур ерте тұрып күнде коньки тебуды үйренеді,
Бір аптадан кейін Тимур,далаға конькиін киіп шығып, мұз айдынына барады Мұз айдынында достары коньки теуіп жүреді
Достары Тимурды көріп қатты қуанады,енді қыс мезгілі Тимурдың ең ұнайтын мезгілі болды