В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
kirill99130
kirill99130
08.03.2022 03:45 •  Қазақ тiлi

Тұжырым жасаңдар. . Шығармадан батырлықты дәріптейтін шумактарды тауып, мәнерлеп окзакдир.
Автордың ұстанымы мен көзқарасын анықтаудар. Нақты аргументтер келтіріп,
толғауда қайталаудың қай түрлері кездеседі? Шығармадан мысал келтірілер
Төмендегі кесте бойынша шыгармаға кешенді талдау жасаңдар.
1 Тақырыбы:
4 Шумақ:
5ұйқас түрі:
3 Жанры:
6 Тәрбиелік мәні:
2идеясы:
Көмек керек. ​

Показать ответ
Ответ:
kseshkaShkolnikova
kseshkaShkolnikova
12.06.2021 03:56

1-деңгей:

Дара сөздер:мақтаныш,айтыс,сезім,көрме,тасқын,өрмек,жеңіс,егін,қуаныш,тұрақтылық

Күрделі сөздер:Теміртау,туған-туыс,Алтынай,Жасұлан,Атбасар,кемпірқосақ,оқу орны,ақындар айтысы,Ақтабан,теңбілкөк,ата-ана.

2-деңгей:

1)Жасұлан жүзу жарысынан жеңіске жетті!2)Алтынайды Ақтабан деген иті бар.3)Аспанда жаңбырдан кейін кемпірқосақ шықты.4)Біз бүгін отбасымызбен бірге көрмеге барамыз.

3-деңгей:

Мен үлгі тұтанын адамдар

Мен үлгі тұтатын адамдар ата-анам,әжем,атам,туған-туыстарым,Себебі олар маған кішкентайымнан жақсы тәрбие беріп,жақсы жерлерге апарып,маған бәрін көрсетіп,танытты,Мен олармен мақтанамын.Менің ағаларым қиын жағдайда көмек беріп,әрқашанда қасымызда болды.Ал анам мені кішкентайымнан ақ сүтін беріп,мені еркелетіп,түн ұйқысын төрт бөліп,мен үшін бәріне барды.Әкем менің асқар тауым,әкем мен үшін бәріне дайын болды,әрқашанда артық болсын алып беріп жүрді.

Мен өзімнің отбасыммен мақтанамын!

0,0(0 оценок)
Ответ:
1NatikNatik1
1NatikNatik1
29.01.2021 17:52

Сәлем, Алина! Қал – жағдайың қалай? Үйіңе аман – есен жеттің бе? Мен қазір саған ауылдан хат жазып отырмын. Екеуміздің халықаралық балалар орталығында танысқаныма өте қуаныштымын, енді осы хатымда мен саған Қазақстанның көрікті жерлері жайлы айтып кеткенді жөн көрдім.

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Мен өз басым Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданында тұрамын. Ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау - менің арманым, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі – Нұр – сұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.

Келешекте Қазақстанның Қостанай, Павлодар, қарт Каспийдің жағасында орналасқан Ақтау, Атырау, сонымен қатар шырайлы Шымкент қалаларын аралағым келеді.

Ал сен бұрын Қазақстанда болдың ба? Болмасаң, мен сені қонаққа шақырамын, жазғы демалыс уақытында келіп, қонақ болып кет. Әуелі елордамыз Астана қаласынан бастайық? Астанаға дейін жетсең, өзім ата – анаммен күтіп аламын. Сен пойызбен немесе ұшақпен келсең болады. Қалғанын уайымдама, біздің үйде жатып демаласың.

Хат жазып, хабарласып тұр.

Сәлеммен, досың Амира.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота