Тәуелдік, жіктк жалған
улкенге — кімге? сын есімге
іііilлмейді. сын есім септік
ціцпк алғауларын қабылдаса, зат есімге айналады. мысалы:
_кімге? сын есім - ге (барыс септігінің жалғауы).
сын есімге тән қосымшалар — шырай жұрнақтары. олар: -лау/ -леу.
ау-деу, -тау-теу, -рақ-рек, -ырақ -рек.
оқылым
мәтінмен жұмыс
3-тапсырма. мәтінді оқы. мәтінге тақырып қой.
қазақта «ауылым — алтын бесігім» деген сөз бар. әркімге өзінің
туған жері — жерұйық. біздің дүниеде жалғыз еліміз, жеріміз бар. ол –
казак елі. жалғыз отанымыз – қазақстан. отаныңды сүю, отаныңа де-
ген сүйіспеншілік отбасыңнан, кіндік қаның тамған жерден, ұшқан алтын
ұяңнан басталады. менің де ұшқан ұям — дәл осы жер.
қ шағы өткен жерін еш уақытта ұмытпайды. ауыл —
біздің табан тірер жеріміз, тұғырымыз.
ауыл — халық руханиятының алтын діңгегі.
нұрсұлтан назарбаев
жазылым
Берілген сөздердің мағыналары:
Адал адам: ешкімнің ала жібін аттамайтын, алдамайтын, жүрегі таза, пейілі ақ адам;
Адал жүрек: алдамайтын, пәк, таза жүрек;
Адал кәсіп: ешкімді алдамайтын адал еңбек;
Адал дос: қуаныш пен қайғыны да бірдей бөлісіп, әрдайым жаныңнан табылатын дос.
Қалың киім: жылы киім;
Қалың жұрт: көп адам, халайық, халық;
Қалың бет: ұятсыз;
Қалың қамыс: бітік өскен қамыс;
Қоңыр сиыр: қоңыр түсті сиыр;
Қоңыр жіп: қоңыр түсті жіп;
Қоңыр дауыс: әдемі, құлаққа жағымды естілетін дауыс;
Қоңыр салқын: самал;
Қоңыр күз: мизам шуақ, күздің соңы;
Қоңыр қаз: қоңыр түсті қаз;
Қоңыр жел: салқын самал жел;
Қоңыр аю: қоңыр түсті аю;
Сары май: нанға жағып жейтін май;
Сары уайым: қатты уайым;
Сары уыз: жұмыртқаның сарысы;
Сары ауыз: жас немесе балапан;
Сары су: ашыған сүттің іріткісі немесе қанды ірің/жалқаяқ.