В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
romatrapkin9091
romatrapkin9091
04.03.2022 10:22 •  Қазақ тiлi

Т. тырысу іріктеу нақ осы шақ ауыспалы осы шақ

Показать ответ
Ответ:
rutasolntseva
rutasolntseva
20.05.2020 10:50

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Демек көне дәуірлерден бастау алатын, өзінің тарихи тәжірибесінен, игі салт, ізгі дәстүрлерінен мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру немесе жаңару мүмкін емес. Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары. Тіпті біздің рухани құндылықтарымыздың негізі де осы отбасылық дәстүрімізде жатыр десек қателеспеген болар едік.

Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағи­­дат қай дәуірде болсын өзгер­ген емес, өзгермек те емес.

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/161153-otbasy-qundylyqtary-dgane-ulttyq-tarbie

© egemen.kz

0,0(0 оценок)
Ответ:
aslambekova04
aslambekova04
07.01.2023 04:10

Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың кіндік қаны тамған Құсмұрын бекінісінің ескі жұрты қазіргі Қостанай облысы, Семиозер ауданы «Шөптікөл» совхозының Киров бөлімшесіне үш-төрт шақырым жерде. Шоқан туған жылы Аманқарағай дуанының (округінің) осында ауысуына орай, жаңа дуан да Құсмұрын болып аталып кеткен. Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлиханов сол кездері Құсмұрын дуанының аға сұлтаны болған. Анасы Зейнеп – қазақша хат таныған, өз заманының көзіқарақты қыз-келіншектерінің бірі. Шоқанның туған жері неліктен Құсмұрын деп аталатындығын жазушы Сәбит Мұқанов «Аққан жұлдыз» романының бірінші кітабында: «Бекіністің сырт желкесіндегі қырқаның тұмсығы сағымды күндері алыстан қараған адамға... қонғалы келе жатқан алып құстың тұмсығына ұқсауына қарай...» – деп түсіндіреді.

Шоқан қырғыз елінде 1857 жылы, Қашқария сапарының алдында болып, 1856-1857 жылдар аралығындағы сапарларының негізінде «Қырғыздар жайындағы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының Батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Ыстықкөлге бару сапары» атты ел назарын өзіне бірден аударған әйгілі еңбектерін жазған. Шоқанның бізге тікелей қолжазба ретінде жеткен бұл шығармаларында сия, тұш, қарындашпен салған тартымды суреттері де бар. Суреттер әсіресе «Ыстықкөл сапарының күнделігінде» мейлінше мол ұшырасады әрі онда қырғыз бен қазақ халқының сәулет өнері үлгілері салыстырмалы түрде кеңінен қамтылады. Сонымен қатар осы сапар барысында 1856 жылы 18 сәуірде Семейден шығып, таң ата келе Қозы Көрпеш – Баян Сұлу кешенін сырттай көзбен шолып өткен Шоқан жолай Жетісу, Жоңғар Алатауы алабында көп кезігетін ескілікті обалардың Лепсіге дейін тапшы екендігіне көңіл бөледі. Лепсіге келгенде, оның төңірегіндегі молаларға қарап, көптеген тайпалар мен рулар қабат қоныстанатын құтты мекен екендігін жазады. Шелек төңірегіне келгенде, Абылай ығыстырған қалмақтардан қалған қорғанның қираған орнына назар аударады. «Ыстықкөл сапарының күнделігіндегі» алғашқы суреттің қағазға таңбалануын Шоқанның өзі былай түсіндіреді: «Майдың 17-сінде... Біз Торайғыр тауының солтүстік бауырына аялдадық. Қонған жерімізде күздің ызғарындай салқын жел соғып, кеш өте суық болды. Түн бойы қардың төгіліп жауғаны соншалық, Алатау мен Іле атырабы аралығындағы кеңістік құдды бір қыс мезгіліндегідей аппақ түске еніп кетті. Торыайғыр тауының басынан қарағанда, жоғарыда аталған төңірек пен тау шоқыларының көрінісі, міне, мына тәрізді». Автор бұл суретін «Торайғыр тауы шоқысынан қарағандағы көрініс» деп шартты түрде атаған. Шоқан қолжазбасында сиямен немесе қарындашпен салынған суреттеме мен сөзбен бейнеленген суреттеме қатар беріліп, бірін-бірі жандандырып, толықтырып отырады. Тұтас алғанда, қолжазбадағы әрбір жекелеген беттердің композициялық үйлесімі көз тояттарлық әдемі. Мұнан Шоқанның неге болмасын суретшілік көзбен қарағандығын аңғарамыз.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота