Төрт түлік малдың бір-біріне адалдығы, мейірбандығы, достығы, тектілігі а таң қалдырмай қоймайды.
Алпауыт бұқа, атан өгіз, сүзеген сиыр болсын енесі қанша қораш, әлсіз болса да, оған беттемей жасқанады. Тіпті қанша аш, ызалы болса да, алдындағы жем-шөбін енесіне тастап, тайып тұрады. (Ата-ананы сыйлау – мейлі қандай сәтте де мойындағы парыз ғой)
Боталы інген боздап, көзінен жас ағып тұрған қандай да бір ботаны көрсе үстіне түсіп емізе береді. (Оларда мейір-шапағат туыстықпен өлшенбейді. А ң бәрін сүй)
Ал қой болса тек бастаушысына ғана ереді. Қой бастаған серке отқа түссе де қоралы қой еш тайынбайды. (Бастаушысын өзі өлтірген кей елдер қазір соғыс өртінің ішінде)
Өгіз ауыр жүкті еңістен өрге қарай оңай алып жүреді. (Шынайы талант солай болуы керек еді)
Ешкі түлігін бес күн ерінбей таңертең өргізіп кешке қораға әкеліп қамаңыз. Одан кейінгі күндерде иесінсіз-ақ осы әдетті қайталай береді. (Ал мың күн тәрбиелесең де түзелмейтін пенделер жетеді)
Күйек кезінде саулықтардың көбі қошқарлардың ішіндегі біреуіне «ғашық» болып, басқа қошқарлардың «қызғанышын» қоздырып алады. (Енді бұған амал жоқ)
Егіз төлдер енесінен бұрын бір-бірін іздеп тауып алады. (Ғұмыр-бақи бауырларын іздемейтіндерді қайтейік)
Жылқы түлігі көбінде екі-екіден достасып ала қояды. Әрі «достарын» әсте ұмытпайды. Сан жылдан кейін кездессе де, оқыранып, қасыныса кетеді. (Батыр бабаларымыздың жылқыдан өзге досы жоқ болған дегенге мен қатты сенем осындайда)
Негізінде қазақ халқы көшпелі жағдайда болды да, мал. шаруашылығын кәсіп етті. Халықтың күн көрісі, тұрмыс-тіршілігі төрт түлік малға байланысты еді. Жесе – азық, кисе- киім, мінсе – көлік дегендей, көшпелі жағдайда болған, экономиканың басқа түрі дамыған қазақ халқы үшін төрт түлік мал. тіршілік тірегі болды.
Өзінің тұрмыс – тіршілігенде осындай айырықша орын алған, пайдасы тиіп қызметі сіңген төрт түлік май жайында қазақ халқы ерет заманда – ақ неше түрлі әңгіме, жыр, өлеңдер шығарған. Бұлардың бәрінде мал. шаруашылығымен кәсіп еткен адамның төрт түлік жайындағы көзқарасы, ой – арманы, тілек – мүддесі өрініп отырады.
Ауыз әдебиетінде төрт түлік май жайындағы шығармалардың кейбір үлгілері ең ерте заманда, ертедегі адамдардың жаратылыс сырын түсіне алмаған кезінің өзінде – ақ туа бастаған. Шоқан Уәлиханов “Шамандықтың қазақтардағы қалдығы” дейтін еңбегінде төрт түлік мал. жайында туған шығармалардың алғашқы үлгілері ертедегі адамдардың ой – өрісі төмен сатыда тұрған кезінде шыққандығын айтады. Жаратылыс сырын түсіне алмаған ертедегі адамдар әлем дүниесіндегі әрбәр құбылыстарды өзінше долбарлап жорыған, бұларда жаратушы күш бар деп. сенген, соған табынған.
Төот түлік мал. жайында шығарылған шығармалардың алғашқы үлгілері осындай ескі сенім – нанымдарға байланысты туған. Онда әрбір түлікітің жаратушы құдайы бар деп. білген. Мәселен, қазақта “Қазықұрт тауы” деген әңгіме жыр бар. Осы жырда халық төрт түлік малдың қалай пайда болғанын ескі Діни ұғымдарға байланыстыра былай баяндайды. Баяғы бір заманда дүние жүзін топан су қаптап кетеді. Тек қана Қазықұрт дейтін тауды су баспайды және осы таудың ығында Нұқ дейтін әулиенің кемесі тұрады. Топан қаптаған кезде жан-жануарлар осы кемеге тығылады. Мұның ішінде төрт түліктің де тұқымы болады. Әрбір түліктен бір-бір тұқым аман қалады да, кейіннен ол өрбіп өседі. Бұл түліктерді топаннан сақтап қалған олардың жаратушысы, селері болады. Жылқының иесі – Жылқышы ата (кейде Қамбар ата деп. те аталады), қойдың иесі – Шопан ата, түйенің иесі – Ойсыл қара, сиырдың иесі – Зеңгі-баба, ешкінің иесі – Сексек-ата деп. әрқайсына жекелей ат қояды. Әрбір түліктің осы секілді селері болғандығын, олардың арқасында топан-судан аман қалғандығын “Қазықұрт тауы” дейтін әңгіме-жыр былай суреттейді:
Қазщықұрттың басында кеме қалған.
Ол әулие болмаса неге қалған?
Жетім бота үстінде жатып қалып,
Ойсыл қара жануар содан қалған. –
Бадан әрі қарай жыр басқа түліктер жайын сөз етеді. Әрбір түліктің қалай өрбігенін айтқанда, өлеңнің бастапқы екі жолын қайталап отырады.

Объяснение: