Түркістан – көне қалалардың бірі. Ол Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Қаланың бұрынғы атауы – Яссы.
Бүгінде Түркістанға туристер көп барады. Түркістанда Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі бар. Ахмет Яссауи ғұлама данышпан, ойшыл, ақын болған. Ахмет Яссауи кесенесі 8 жыл салынған. Кесенеде 35 бөлме бар.
Түркістанда 16 ғасырда салынған шығыс моншасы да бар. Бір қызығы, моншаның 9 бөлмесінің бір де бірінде есік жоқ. Бірақ мұнда ыстық ауа мен салқын ауа араласпайды.
Қасиетті Түркістан – қазақ халқының тарихында маңызды орын алатын қалалардың бірі.
нужно составить 2-3 вопроса к этому тексту это СОР и кто сделает подпишусь и пролайкаю все ваши ответы Очень нужно...
1. Түркістан қайда орналасқан, қаланың бұрынғы атауы қандай?
2. Түркістанда кімнің кесенесі бар, ол кесенне туралы не білесің?
3. 16 ғасырда Түркістанда не салынған?
Объяснение: