Тірек сөздердің негізінде мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтаңыз. (На основании опорных слов определите тему и основную мысль текста.)
Қостанай облысының Сарыкөл ауданында тұратын бір кәсіпкер ауылда жиі жарық өше бергендіктен, өз қолымен желден қуат өндіретін қондырғы құрастырып алған.Қазір ауласында тұрған құрылғыдан күніне 3киловатқа дейін электр энергиясын алады.Былтыр осы бастамасы үшін « Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 2 миллион теңге қайтарымсыз грантқа ие болды.Содан бері тағы 7 жел қуатын өндіретін құрылғы жинап
шығарды. Тұтынушылар- негізінен жергілікті тұрғындар мен жеке шаруашылық иелері.
Алғашқыда желден энергия өндіріштің шағын түрін жасады.Қазіргілері қуаттырақ.
Секундына 15-20 метр жел соққанда, бір құрылғы күніне 2-3 киловат электр энергиясын
өндіреді.
Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогыныңиегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны.
«…Жеті жылдықтың кейінгі екі жылында біз химия өнеркәсібінің дамуына баса назар аударуымыз қажет, және тек қана минералды тыңайтқыштар өндірісі саласы ғана емес, сонымен қатар синтетикалық материалдар, талшықтар, синтети-калық тері, техника үшін және тұрмыс қажеттіліктері үшін пластмасса өндіру жолға қойылуы тиіс. Химия өнеркәсібі адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады …»,- деп атап көрсетеді Н. С. Хрущев.Химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылуы –мемлекеттік маңызды іс болды, ал Қазақстан – химия өндірісін, соның ішінде фосфорит кен орындарын дамытуға үлкен мүмкіншіліктер ашқан республика болып табылды. Соның ішінде, Маңғышлақ өлкесі пайдалы қазбалардың байлығы мен кешенділігі жөнінен таулы Алтай, Орталық Қазақстан тәрізді геологиялық аудандармен иық тірестіретін бірегей аудан еді.