Тірегім сен — Туған жер Сағындым бұлттар көшкен аспаныңды,
Шайқалған самалымен жас талыңды.
Қайдасың, қол бұлғаған биіктерім,
Жосылған көз ұшында киіктерім?
Жусан иісі аңқыған көк орай бел,
Шулаған қамыстары айдынды көл.
Қызарып қырдан асып бататын күн,
Жымыңдап жұлдыздары жататын түн.
Көрдің бе алма ағаштың бүр жарғанын?
Есімде сол жайында жыр жазғаным.
Қалықтап қаздар ұшып бара жатыр,
Атын ұстап, ерттеді бала батыр.
Тапсырма:
Өлеңді мәнерлеп оқып шық. Өлеңді талда. Неше
шумақтан, неше тармақтан , неше бунақтан тұрады?