Тірі гүл керемет бір сұлулықтың белгісі. Анда-санда гүл жинап не болмаса гүл шоқтарын сатып алып көршіме, таныстарыма, туысқаныма апарып оларды қуантқанды жақсы көремін.
Бір күні таң атысымен бақ жаққа шығып әдемі гүлдерді теріп алдым. Гүлдердің сұлулығына қанша қарасам да еш тоймайтын сияқты болдым. Бір кезде ішімнен – “осы әдемі гүлдерді бір досыма неге бермеске?” деп ойладым. Дереу бір қағазға “Досыма!” деп бір-ақ сөз жазып, қағазды әдемілеп гүлдің арасына қыстырдым. Жолдан өтіп, гүл шоғын ең жақын досым болған көршімнің есігі алдына қойып кеттім.
Кешкісін досым телефон соғып гүлдерді көріп қатты қуанғанын айтты. Кеше балаларымен бір нәрсеге келісе алмай ұрысқан екен, сонда ержеткен ұлы анасына ренжіп “Сенің еш досың жоқ!” деген екен. Осындай ауыр сөзді естіген досым бір түрлі жаман болып қалған көрінеді. Ертеңіне есікті ашып қараса, бір шоқ гүл тұр. Гүлдердің арасында “Досыма!” деген бір-ақ сөзді хат.
бұл жерде гүлдің әдемілігімен досының қуанғаны негізгі идея