Өтінде арпалысқан өмір - майдан Бәйтерек – болашағың тамыр жайған . Немесе Елбасының әр тұлғасы Қолымен өзі әкеліп Тәңір қойған ! Туыңдай қанат керген желді күнгі , Танытты кең әлемге теңдігінді . Тұрғанда Бәйтерегің көкке шырқап . ұстай біл Асқақтатып Елдігіңді ! Қара сөзбен өлең мағынасын жеткізініз
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ.
«Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
Объяснение:
Жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар.
Қазақ халқы қашаннан да жылқы малын ерекше қастерлеп, пір тұтып, қасиетті жануар санаған. Мұның дәлелі ретінде жылқы малына қатысты көптеген мақал -- мәтелдер (мысалы: "Жақсы аттың жал-құйрығы, Әрі жібек, әрі қыл. Жақсы жігіттің белгісі, Түзде мырза, үйде құл" немесе "Жақсы аттың артынан құнан ереді, Жақсы жігіттің артынан ұлан ереді"), аңыз - әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп.
Қазақ халқы үшін жылқы малдың патшасы саналған, оның себебі Жылқы - көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады. Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден ақ белгілі.
Бұрынғы кезде аңыз – дастандарды оқысақ, батырлардың жылқыларының аты болған екен. Қобыланды батырдың Тайбурылы, Алпамыс батырдың Шұбар деген аты болған. Бұл аттар жәй аттар емес, жүйрік, сұлу, әрі батырдың ең жақын досы бола білген.
Аталарымыз “Ат ердің қанаты”, “Мінсең - көлік, жесең - ет” деп жылқы малын аса жоғары бағалаған. Сонымен қатар жылқылар бізді қауіптерден қорғайды екен. Бұрындары ата - бабаларымыз "жылан жоламасын" деп қастарына жылқы байлап жатқан екен. Осындайды естуіңіз бар ма?