Төмендегі тапсырмаларды орында.
Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған. Қазақ халқы күнделікті тұрмысқа қажет заттарды қолдан жасаған. Оларды талғаммен әшекейлеген. Қазақтар киіз басып, сырмақ жасау, кесте тігу, алтын-күмістен әшекей жасау технологиясын керемет меңгерген.
Қазақ жерінде өмір сүрген массагеттер барлық затты әшекейлеген. Ол туралы Геродот: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған.Соғысқа қажет құралдары, оқтары мен айбалталары мыстан жасалған.Баскиім, сәукеле, белдік, әшекейлері алтын-күмістен, асыл тастардан жасалған. Сондай-ақ атәбзелдері, құрал-сайманы мыстан жасалған, ер-тұрманы алтынмен әшекейленген», — деп жазады.
Қазақта ою-өрнек кең тараған. Қазақтың ою-өрнегі халықтың ойы ұшқыр, талғамы биік болғанын көрсетеді. Ғимараттарды, жиһаз, ағаштан жасалған ыдыстарды ою-өрнекпен әшекейлеген. Ою-өрнек — Ұлы дала өркениетінің бір түрі.
1. Мәтін мазмұны бойынша 4 сұрақ құрастыр.
Сұрақтар
1.
2.
3.
4.
2. Мәтіндегі негізгі мәселені анықта.
3.Мәтіннен 3 етістікті тауып, оларды үш шақта қойып жаз.
4.«Қазақ даласындағы ұлттық қолөнер» деген тақырыпта диалог жаз
- Қазақстан жерінде 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар.
- Қай өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді. ?
- Ертіс, Орал, Іле, Еділ өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді.
- Қай өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады. ?
- Сырдария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады.
- Бұл өзендерде нелер тіршілік етеді?
- Бұл өзендерде балықтардың бағалы тұқымдары тіршілік етеді.