Төмендегі оймен келісесің бе? пікіріңді таратып айт. «біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» дейтін заман келді. жоқтан бар болған қарабайыр, мәдени деңгейі төмен қалталылар қаптады. ауқаттылар ешкімді жарылқағысы келмейді. күйзеліске түскен жетім, кедей, кәріптерге сүйеніш болар қайырымдылық та алыстап кеткендей…
Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.