Төмендегі мақал-мәтелдердің ішінен антоним болатын сөздерді тап. 1.Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.
2. Дос - ажарың, жолдас - базарың.
3. Алыстағы досыңа ат берсең де жарасар - үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа хат берсең де жарасар - ұмытса есіне алсын деп.
4.Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.
5.Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар
6.Досың дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болудан сақтан
7.Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.