В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Niker04
Niker04
18.06.2022 08:57 •  Қазақ тiлi

Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын (эссе) жазыңыз. Етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті қолданыңыз.
«өмірде шынайы, өзіңе серік болатын дос табу қиын» деген пікірмен келісесіз бе? Өз ойыңызды
жазыңыз.​

Показать ответ
Ответ:
dianochkashiba
dianochkashiba
17.01.2022 00:12

Шығарма

"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" жыры.

Махаббат - әлемдегі бар сезімдердің ұлысы.Махаббатсыз өмір жұпыны болар еді.Бұл - тек адамдар арасында ғана емес,адамның Отанына,туған жеріне,еліне,табиғатқа,белгілі бір кәсіпке,затқа деген сезімін де қамтиды.Мұхтар Шаханов:

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,

Адам азса махаббаттың жоқтығынан азады,-деп бекер айтпаған деп ойлаймын.Әрине,махаббат тек сүйеніш қана емес,күйінішті де әкеледі.Бірақ махаббат арқылы адамдар жалғыздықтан арылып,бақытты атанады,өзін қолдайтын,корғайтын жанды табады ғой.

Қазақ тарихында қаншама ғашықтар өтті десеңізші.Солардың бірі - Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу."Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" жырында екі ғашықтың бір –біріне деген адал,пәк,кіршіксіз таза сезімдері суреттеледі."Қозы Көрпеш - Баян сұлу" поэмасының негізгі идеялық-мазмұны сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуын арман еткен тілек-мүдделерді қамтиды.Жыр мазмұнына келер болсақ,Ноғайлы жұртында Сарыбай мен Қарабай деген байлардың аң аулап жүріп бел құда болып,Қозы мен Баянды күні бұрын атастырады.Сол кезде аң аулап жүріп,ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады.Атастырылып қойған Қозы мен Баян,жүздерін көрмегенімесе де бір-біріне ғашық болып жүреді.Уақыт өте келе сараң Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей,Өлеңтінің аяғын өрлей Аякөзге көшіп кетеді.Ал қызын бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан Қодарға ұзатпақшы болады.Қос ғашықтың арасына тосқауыл болған Қодар,айласын асырып, зұлымдықпен Қозының басын алады.Қозы өз кезегінде кышкентайынан батыр жігіт боп өскен еді.Сүйгенін іздеу жолында көптеген қиындықтақтарға қаймықпай төтеп береді.Баянға айтқан бір сөзінде Көрпеш:

Дүниеде ғашық қатты екен,

Көңілді бұған бұрғызды.

Бере ме тәңірім, бермей ме,

Ынтық болған бір қызды?

Қосылғанша мен соған,

Ішіме қайғы толғызды,- деген сөзінен Баянды шын сүйетіндігі, өзінің сүйгенін жоғары санайтындығы айқын көрінеді. Тіпті,өзінің сүйгені үшін бәріне де дайын екенін дәлелдейді.Ал Қозының өлімінен кейін қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян,өш алу үшін қулыққа көшеді.Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе,күйеуге шығатынын айтады.Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды: Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылған еді. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды.Ия,бұл қос ғашықтың артында тек жыр ғана емес,әсем "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" кесенесі де өшпес із болып қалған еді.

Қазіргі таңда 15 сәуір - "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу",ғашықтар күні.Шет елдің Әулие Валентин күнін емес,осы күнді атап өтетін қазақ жастарының саны артуда.

Шоқан Уәлиханов :"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры - қазақ эпосының шоқтығы. Оның сюжеті халықаралық, бірақ бірде-бір халық оны дəл қазақтардай ғажайып жырға айналдыра алған жоқ.Бұл жыр - дүниежүзіндегі ең қымбат əдебиет мұраларына жататын шығарма" деп атап өткендей, қос ғашықтың махаббатын жыр ететін бұл туынды - қазақ тарихындағы шоқтығы биік әрі үстем туындылардың бірі десем де болады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
makssssimfrank
makssssimfrank
05.01.2022 13:12
-Сіз асханада неше мезгіл тамактанасыз?
-Асханада уш мезгіл тамактанамын.
-Асхана кызметкерлерк кандай?
-Кызметкерлері керемет.
-Асханада кандай тағамдар бар?
-Асханада əртурлі супылар жане майлы,майсыз тағамдар бар.
-Сіз бірінші мен екіншіге не аласыз?
-Мен бірінші шай.екіншіге жеңіл таңамдар ұсынамын.
-Шай ішесіз бе?
-Əрине.
-Шайга неше касык кант саласыз?
-Шайга 1 касык кант саламын.
-Ұлттық тағамдарға не аласыз?
-Ұлттык тағамдарға бесбармак,курдак,бауырсак аламын.
-Асхана іші кандай?
-Асхана іші таза əрі əдемі!
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота