Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.
Сөз таптары (Часть речи)Бастапқы формасы (Начальная форма) Тұрақты белгілер (Постоянные признаки, если есть) Тұрақсыз белгілер (Непостоянные признаки, если есть)Синтаксистік рөлі (Синтаксическая роль)Мысалы (Например): Ертең оқушы3 мектепке барады3. Завтра ученик3 пойдет3 в школу.
Оқушы3 – зат есім. Кім барады? Оқушы.Бастапқы формасы: оқушы. Тұрақты белгілер: дара, туынды, жалпы, жанды, деректі; Тұрақсыз белгілер: жекеше, атау септік.Кім барады? Оқушы (бастауыш).Барады3 – етістік. Оқушы (не істейді?) барады.Бастапқы формасы: бар. Тұрақты белгілер: дара, туынды, болымды, салт; Тұрақсыз белгілер: ауыспалы келер шақ.Оқушы (не істейді?) барады (баяндауыш).
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.
Тұрақты белгілер (Постоянные признаки, если есть)
Тұрақсыз белгілер (Непостоянные признаки, если есть)Синтаксистік рөлі (Синтаксическая роль)Мысалы (Например):
Ертең оқушы3 мектепке барады3.
Завтра ученик3 пойдет3 в школу.
Оқушы3 – зат есім. Кім барады? Оқушы.Бастапқы формасы: оқушы.
Тұрақты белгілер: дара, туынды, жалпы, жанды, деректі;
Тұрақсыз белгілер: жекеше, атау септік.Кім барады? Оқушы (бастауыш).Барады3 – етістік. Оқушы (не істейді?) барады.Бастапқы формасы: бар.
Тұрақты белгілер: дара, туынды, болымды, салт;
Тұрақсыз белгілер: ауыспалы келер шақ.Оқушы (не істейді?) барады (баяндауыш).