В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Gogi354
Gogi354
23.10.2020 09:09 •  Қазақ тiлi

Тіл таңбалар жүйесі. Алғаш таңба мәселесімен көне ғасырларда әйгілі философтар – Аристотель мен Демокрит айналысқан.
Тілден басқа таңбалар жүйесі қол-
дан жасалады. Оларды келісім бойынша
өзгертуге болады. Оларды өзгертуге қоғам-
дағы барлық адамның қатысуы шарт емес.
Сол мамандық өкілдерінің келісімі бо-
йынша жасала береді.
Таңбалардың барлығының да мағынасы
тіл арқылы айқындалып, дыбыстық тілге
«аударылады». Мысалы, транспорт сигналдарының мағынасын дыбыстық тілдегі
аудармасы арқылы ғана түсініп, білеміз. Бағдаршамның қызыл түсті жарығы
«Тоқтаңыз!» деген белгі. Мұны білмейтін адамға қызыл түсті жарық қаншама
жарқыраса да, еш нәрсені хабарлай да, аңғарта да алмайды. Сайып келгенде, олар
тілге негізделеді. Мысалы: бірінші таңба велосипедпен жүретін жолды білдіреді;
екінші таңба «Велосипедпен жүруге болмайды» дегенді білдіреді.

«Артық болмас білгенің» айдарымен берілген мәтіннен дара және күрделі сын есім-
дерді анықтап, «T кестесіне» түсіріңдер.
Дара сын есімдер
Күрделі сын есімдер​

Показать ответ
Ответ:
Kioto5Tonaka
Kioto5Tonaka
30.05.2023 12:24

Күн жүйесі Күннен және онымен гравитациялық күштердің әсерімен байланысты болатын аспан нысандарынан тұрады, олардың барлығы шамамен 4,6 млрд жыл бұрын алып молекулалық бұлттың құлауының нәтижесінде пайда болған. Күнге ауырлық күші бойынша байланысты заттардың көп бөлігі дөңгелек орбитаға ие және тегіс дискте орналасқан - эклиптикалық жазықтықта орналасқан сегіз салыстырмалы планетада.

Төрт кішкентай ішкі планеталар: Меркурий, Венера, Жер және Марс деп те аталады, олар жер бетіндегі планеталар негізінен силикаттар мен металдардан тұрады.

Төрт сыртқы планета: Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун, сонымен бірге газ алыптары деп аталады, олар негізінен сутегі мен гелийден тұрады және жер тобының планеталарына қарағанда әлдеқайда массаға ие. Екі ірі - Юпитер мен Сатурн негізінен сутегі мен гелийден тұрады; екі сыртқы планета - Уран және Нептун негізінен су, аммиак және метан сияқты мұздардан тұрады, оларды «мұз алыптары» деп те атайды.

Күн жүйесінде кішкене денелермен толтырылған екі аймақ бар. Марс пен Юпитердің арасында орналасқан негізгі астероид белдеуі силикаттар мен металдардан тұратындықтан, жер тобының планеталарына ұқсас. Нептун орбитасынан тыс мұздатылған су, аммиак және метаннан тұратын транс-Нептун нысандары орналасқан. Бұл аудандарда бес жеке объект - Керес, Плутон, Хумеа, Макемаке және Эрис - өз ауырлық күштерінің әсерінен дөңгелек пішінді ұстап тұруға жеткілікті үлкен, оларды ергежейлі планеталар деп атайды. Осы екі аймақтағы мыңдаған ұсақ денелерден басқа, Күн жүйесінің айналасында кішкентай денелердің басқа әртүрлі популяциялары, мысалы, кометалар, метеороидтар және ғарыштық шаңдар қозғалады.

Сегіз және үш ергежейлі алты планета табиғи спутниктермен қоршалған. Сыртқы планеталардың әрқайсысы шаң мен басқа да бөлшектердің сақиналарымен қоршалған.

0,0(0 оценок)
Ответ:
INokentiy228
INokentiy228
18.02.2023 17:48

Қазақтың ұлттық сусындары

Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Ас – адамның арқауы», «Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады» - деп халық тегін айтпаған. Ұлт тағамдарының негізі –сүт тағамдары. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. Пай - пай, сүт тағамдарының қоректік қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы ғой!

Қымыз

Япырмау, ешқандай сусын қымызбен тең келе алмайды! Құрамында дәрумендер, майлар, белоктар бай, ол талай ауруды емдеп қана қоймайды, олардың алдын да алады. Қымыз ас қорытуды жақсартады, қауіпті ісікті болдырмайды.

Бие сүтінен ашытылады. Оның алғашқы ашытқысын «қымыздың қоры» деп атайды. Кей жерлерде мұны бие сүтіне сүр қазының қабырғасын, жылқының ашыған сүр жамбасының жұлынды сүйегін не малта салып немесе ашыған тары көженің суын қосып, бөлек ашытады. Сосын сабадағы қорды сарықпай, биенің жылы сүтін саумалдап, жаңғыртып отырады. Жаңа сүт құйған сайын 20-30 минуттан піседі, жаңа сүтпен қорды араластырып, ірімтігін жазады, ашуын басып отырады. Қымызды көп сапырғанда оған таза ауа (оттегі, азон, т.б.) көп сіңеді. Беу, қымыз бір тәулікте ашуы жетіп, сапыруға жарап қалады!

Қымыз тәрізді табиғи құдіретті сусынмен былай да емдейді: қымызды алғашқыда тәулігіне 6 рет 100 грамнан (қатты науқасқа 50 гр.), кейін 250 грамға дейін береді де, ағза қымыз ішуге үйренген соң оның мөлшерін 2-3 литрге дейін көбейтеді. Қымызды тамақтың алдында 1-1,5 сағат бұрын ішеді. Жатар алдында ішпейді. Жоғарыдағы ем сырқатпен әлсіреген, жүдеген, қаны азайған, туберкулезге шалдыққандарға шипалы.

Шұбат

Түйенің сүтін ашытып жасайды, қышқыл дәмді. Оның әзірлеу тәсілі қымыз ашытуға ұқсас. Япырай, шұбатты тағам ретінде үнемі ішіп жүретіндер өкпе ауруына өте сирек ұшырайды. Дәрігерлер өкпесі, асқазаны, ішегі ауыратындарға шұбат ішуді ұсынады. Өйткені, шұбат асқазанның секреторлық қызметін жақсартады, қышқылдылығын көтереді, дәрі-дәрмектердің емдік қасиетін арттырады, адамның дертке қарсы күресу қабілетін күшейтеді.

Шұбатты ашыту: жаңа сауылған түйе сүтін сүзеді, 30-35 градусқа дейін салқындатады, сосын емен бөшкеге құяды, өндірістік ашытқы қосады; қоспаны піспекпен 20-30 минут бойы піседі, араластырады, ашуы үшін 3-4 сағат бойы тыныш қояды. Осы мерзім ішінде микрофлора әрекетінен күрделі заттар жай заттарға айналады, қышқылдығы 60-70 градусқа көтеріледі, казейн іріп, тұнбаға түседі, - дейді мамандар. Казейннің ірі түйіршіктері пайда болмауы үшін шұбатты жақсылап тұрып араластырып отыру қажет. Ашыту процесі 20-25 градус жылылықта 10-20 сағатқа созылады.

Айран.

Әрі тағам, әрі сусын. Сиырдың, қой мен ешкінің піскен сүтіне мәйек, ашытқы (ескі айран) қосып ұйытады да салқындатып ішеді.

Пай - пай, кымыз бен шұбаттың дәмін айтсаңшы! Дәмі аузыңнан кетпиді. Әттең, қазір көп жастар ұлттық сусындардың қадірін білмей, түрлі қоспалы сусындарды ішкенді ұнатады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота