Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Менің сүйікті бағдарламам - "Наша правда". Алексей Шахматов жүргізетін бұл бағдарлама КТК арнасынан болады. Мен үзбей көріп тұруға тырысамын. "Наша правда" бағдарламасында шынайы өмірден алынған оқиғалар баяндалады. Бағдарламаға түрлі адамдар келіп, өз бастарынан өтіп жатқан мәселелермен бөліседі. Сол мәселенің шешімін табуды көздейді.Әр бағдарламада көтерілетін тақырыптар көптеген саланы қамтиды. Бағдарлама өте қызықты өтеді. Наша правданы тамашалайтын көрермендер де көп деп ойлаймын. Бағдарламаның әр санына арнайы мамандар және сарапшылар келіп пікірлерін айтады. Сондықтан, бұл бағдарламаның болашағы зор.