В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
sadlyuda
sadlyuda
03.11.2021 20:24 •  Қазақ тiлi

Суреттермен суреттердің астындағы сөздерді пайдаланып, мұнаймен көмірдің қалай өндірілетін, қалай пайдаланылатынын ретімен айт.
позязя
35 ​

Показать ответ
Ответ:
katyaDarsht
katyaDarsht
03.07.2022 07:08
Қымбатты қазақстандықтар!

Құрметті салтанатты жиынға қатысушылар!

 

Баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біз бүгін азаттықтың екінші мүшеліне, 25 жылдығына аяқ бастық. Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды. Тұтас дәуірлердің куәсі болған халқымыз сан ғасырлық бұралаң әрі қиын жолмен жүріп өтті. А сияқты, мемлекет те өмірінде екі ғұмырлық босағаны аттайды. Біріншісі – жарық дүниенің есігін ашу, екіншісі – ересек өмірдің табалдырығын басу. Екеуі де – қайталанбас, қастерлі мезеттер. Бұл – Әбу Насыр әл-Фарабидің айтып кеткен орамды сөзі, өнегелі өсиеті.

Биыл рухы асқақ, тұғыры биік төл мемлекетімізге 24 жыл толды. Қарапайым тілмен айтқанда, нағыз ердің жасында, ұлы мақсаттардың басында тұрмыз. Тағылымы мол тарихымыз – сонау сақ дәуіріндегі, түркі бабалар тұсындағы, күні кеше 550 жылдығын ел болып тойлаған Қазақ хандығы кезеңіндегі, кешегі Екінші Дүниежүзілік соғыстағы ұлтымыздың ұлы күрестерінің куәсі.  Бұл – біздің өткеніміз, бұл – біздің тағдырымыз.

Осы бір тарихтың ұзынсонар жолында азаттық деп аласұрған, еркіндік деп екпіндеген халқымыздың мұратын орындау бақыты бүгінгі біздің ұрпақтың еншісіне тиіпті. Олай болса, бұл күн ұрпақтардың ұлы арманы орындалған ордалы той, мерейлі де мәртебелі мереке. Аман-саулық – адамның нағыз бақыты болса, тәуелсіздік – халықтың жалғыз бақыты. Бұл – туған еліне егемендік пен еркіндікті қарулы қолмен емес, бейбіт жолмен алып берген әйгілі Махатма Гандидан қалған сөз. Расында да, тәуелсіздік пен теңдік, азаттық пен елдік қай халық үшін де дәмі балдай, мәртебесі таудай асыл ұғымдар болып саналады.

Елу жылда ел жаңа деген халық даналығын баршаңыз білесіздер. Десе де, біз елу емес, небәрі 24 жылда қарыштап жаңаланған, төрткүл дүние бағалаған ел болдық. Өзгелер ғасырлап өтетін, ал біреулері мүлдем мақрұм кететін тарихи жолды бар болғаны ширек жасқа жетпей тәмамдадық. Ол да болса кешегі бабалар ерлігінің рухын алған, ертеңгі ұрпағына жол салған бүгінгі замандастарымыздың, сіздер мен біздердің еселі еңбектеріміздің арқасы.

«Рухы бір – қандас, жүрегі бір – жандас» дейді дана халық. Егер егемендік тұсында елдігі бекем, тұғыры биік жұрт болсақ, оған сіздердің де қосқан үлестеріңіз қомақты деп білемін. Халқымызда «Теңдес ағайын баспанасымен, дербес халық астанасымен мақтанады» деген сөз бар. Келген қонақ үйге кіріп, иесін сынаса, өзге жұрт ордасын көріп, елін таниды. Сол сияқты қай қазақтың да «жан-жүрегім» деп марқаятын да, «өз сарайым» деп айта алатын да дарабоз, ақордалы, биік, бәйтеректі, самалдай, кең шатырлы Астанасы бар, тәуелсіз Қазақстаны бар. Тәуелсіздіктің қадірі, бостандықтың қасиеті, Отан деген ұлы ұғым – осы.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Glenchittt1
Glenchittt1
16.02.2023 19:27
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. 
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық.Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. 
Жеке бас тазалығының ережелері. 
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота