В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
sangria
sangria
16.09.2021 16:52 •  Қазақ тiлi

Суреттерге карап,"Алтынемел" ултык саябагы туралы матин кура


Суреттерге карап,Алтынемел ултык саябагы туралы матин кура

Показать ответ
Ответ:
9ky3ya
9ky3ya
10.02.2022 19:07
Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефон, ноутбук немесе планшет, үйде компьютер бары белгілі. Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз. Ең кішісі, керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз.

Әрине, мұны шығарған адамдар оны әу баста ел игілігі, байланыстың тиімділігі үшін ойлап тапқан ғой. Ал біздің қазекемдер, жасыратыны жоқ, осынау алақанға сиып кететін нәрселерді есін білмейтін жас балаларға ойыншыққа беріп қояды. Ал оның іші-сыртында бала саулығына зиян келтіретін заттар да баршылық қой. Меніңше, мұны барша ата-ана ойлауы керек.

Көптің пікіріне сүйенсек, осы аталған құралдар неге екенін білмедік, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып алған. Осылайша олардың бар уақыты осы компьютермен өтеді. Шыны керек, тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы компьютермен өткізеді. Мектеп оқушыларының біразы дерлік оны күндіз-түні пайдаланады: музыка тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы әуенге елітіп, ұйқылы-ояу, маужырап отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне “хат” жазып, сабаққа тіпті де көңіл бөлмейді. Бұл тірлік, өкінішке орай, үйге келген соң да қайталанады.

Бұл агентке компьютермен де, кішкентай телефоныңызбен де кіруге болады. Сиқыры күшті оған қосылған жан бір кірсе, шыға алмайды. Өйткені, агенттен дүние жүзінің барлық адамымен танысуға болады. Осы турасында танысымнан естігенімдей, бір сыныпта 26 оқушы болса, оның 12-сі сабақтың үстінде агентте отырады екен. Сондағы бар жазатындары – бір-бірімен танысу. Мұғалім 45 минут бойы жаңа тақырыпты түсіндіріп әлек болып жатса, оқушы бала партаның астынан ұялы телефоны, планшет арқылы агентте отырады. Бірақ оны мұғалімдер көрмейді әрі сезбейді. Міне, көрдіңіз бе, біздің болашағымыз сол бір заттарға тәуелі болып бара жатқандай. Байғұс ата-ана бар жиған-тергенін баласының аузына тосып, одан қалса компьютерді, телефонды, ноутбукты немесе планшетті несиеге әпереді. Сонда бұл кімге пайда, кімге зиян? Біздіңше, баршылыққа салынып, жас баланы қымбат заттарға әуес етпеу керек. Біріншіден, ол баланың мінезін өзгертеді, екіншіден, сабақтан қалдырады, үшіншіден, менмендікке әкеледі.

Енді біз осы тақырыпты талдап көрейік. Бұл кейбір балаларға жаңалық болып көрінбеуі мүмкін, бірақ мұнда көптеген тың идеялар бар. Мен төменде келтірілетін тақырыптарды бұрындары жазылған газеттерде, интернет жүйесінен жинақтадым, сондай-ақ өзіміз қосқан үлесімізде жоқ емес.

Әрине белгілі болғандай қазіргі замандық ғылыми-техникалық революция микрокомпьютерлер мен дербес компьютердің пайда болуынан басталды. Олар барлық жерде қолданылады.Ғалымдар лабораториясында, мекемелерде, оқу орындарында, дүкендерде, әрбір үйде және т.б. Дербес компьютер адамзатқа телевизор және теледидар сияқты өте қажет.
Компьютердің көмегімен бірнеше минуттың ішінде керекті мәліметті алуға, қиын чертежді немесе есеп-қисапты жасауға болады.
Дербес компьютерлерді бірнеше миллион адамдардың еңбектерін жеңілдетті, шығармашылық емес жұмыстардан босатты. Олар адамға жұмыста да, үйде де компьютерлердің жарыққа шығуы, кітаптардың жарыққа шығуы сияқты үлкен мәнге ие болды.
Компьютер , әрине, адам өмірінде өте пайдалы, қажетті құрал. Қазіргі таңда компьютерсіз қоғамды елестетіп көру де мүмкін емес. Дегенмен, компьютердің пайдасына қоса зияны да бар. Ата-анасының сөзіне құлақ аспай, балалармен араласпай, күндіз-түні компьютерге телміріп, бар қызығын содан табатын балалар қатары жыл өткен сайын көбейіп барады. Шетелдерде компьютерге жабысып, өмірін өткізгендердің арасында аштан өлген оқиғалар да кездесіпті. Баланың дене сымбаты бұзылады, соның салдарынан скалиоз ауруы қалыптасады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
ekateria1411
ekateria1411
10.10.2020 05:16
Өнер-білім жолындағы ізденісін Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады,орысша кітаптарды көп оқиды. 80-жылдардың орта кезінен бастап, Абай ақындық жолға біржола бет бұрды.Бұл кездегі онИсточерінің қай-қайсысы болсын-толысқан ой-сананың жемісі.Бұған дейін арагідік жазған өлеңін өз замандасы Көкпай атынан таратып жүрген Абай 1886 жылдан бастап өз атына көшірген.Осы жылдардан бастап Абай өлеңді үзбей жазуға тырысқан.Бірақ ел арасындағы шиленіскен тартыстар оның әдебиетпен бірыңғай шұғылдануына мүмкіндік бере бермеген. «Дүние де өзі,мал да өзі». Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады.Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар,ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады.Абай мұнда,ең алдымен,жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді.Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді.Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады. Сонымен қатар ол «Қызмет қылсын,шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп,сынайды. Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім. Бұл-өткенге құр өкіну емес,келешекте жастардың өзі тәрізді опық жеп қалмай,білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуіне жөн сілтеу. Шығарма Абай ақындығының халықтық,ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді.Кейінгі туындыларында ақын бұл идеяны тереңдете түседі. 1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды.Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған.Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып,адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы-ғалым болуы керектігін түсіндіреді. Ғылым таппай мақтанба! Орын таппай баптанба! Құмарланып шаттанба! Ойнап босқа күлуге,- дейді ол.Сөйтіп,ғылымға берілудің,ғалым болудың жолдарын әңгімелейді. Ғылым жолы-әділдік жолы.Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды. Надандарға бой берме, Шын сөзбенен өлсеңіз,- дегенде,ол ғылым үйренетін жастың қараңғы,надан қауымнан өзгеше болуын қалайды. «Интернатта оқып жүр» өлеңінде Абай әлгі ойларына тың пікірлер қосады.Мұнда,сыншылдық басым.Ақын патшалық ел билеу жүйесіне,оқыту тәртібіне сын айтады.Халыққа пайдалы емес,залалды болып шығатын әкімдер мен шалағай төрелердің оқудағы мақсатын көрсетеді. Орыс тілі,жазуы Білсем деген таласы жазуға Тырысар,келсе шамасы. Ынсапсызға не керек, Істің ақ пен қарасы. Нан таппаймыз демейді, Бүлінсе елдің арасы, …Аз білгенін көпсінсе, Көп қазаққа епсінсе, Кімге тиер панасы? Ақын мұндай мақсатпен ғылым қууды қуаттамайды.Олардың «Иә тілмаш,иә адвокат» болу ниетіне Салтыков пен Толстойды әдейі қарсы қояды.Толстой мен Салтыков-Щедрин сынап,масқаралаған орыс шенеуніктерінің бейнесін олардың есіне салады. Тіл мен теңеу,түр жағынан алғанда да, «Интернатта оқып жүр» өлеңі-жаңалығы бар шығарма.Осы өлеңде Абай «интернат», «военный қызмет адвокат», «здравомыслящий», «коренной», «счет»,т.б. орыс сөздерін қолданады.Оларды ұйқастыра отырып,еркін пайдаланады және оларды ақын орыс мәдениетін үгіттейтін өлеңге әдейі кіргізген. «Қалың елім,қазағым». Бұл кезде жазған өлеңдерінде Абай озық мәдениетті насихаттаумен қатар,әлеуметтік,азаматтық санасы өскен халықтың үлкен қайраткері дәрежесінде көрінеді.Оның өлеңдерінен еңбекші халық мүддесін қорғаған азаматтың үні естіледі.Өзі билеуші тап ортасынан шықса да,тарихи дамудың беталысы мен қоғамдық шындықты түсінген ол еңбекші шаруаға шындап бет бұрғанын байқатады.Оларды «елім», «жұртым», «халқым» деп,дос тұта сөйлейді.Осы бетбұрыста Абай сол халықты жүдетіп,шаршатып отырған ұнамсыз әрекет-мінездерді,олардың ішкі сырын үлкен шеберлікпен ашатын психолог ақын ретінде танылады.Заманы мен өзі өмір сүріп отырған ортаның кемшілік-қайшылықтарын өткір және әділ мінеп-сынайды. Бұл сарын,әсіресе,Абайдың «Қалың елім,қазағым,қайран жұртым» деп аталатын өлеңінде анық байқалады.Мұнда өз халқының басындағы қайғы-мұңды көріп дерттеніп, «Қалың елі-қазағының» қазіргі халіне қинала сөйлеген ақын бар.Ел ұйытқысын бұзған,оның берекесін кетірген әкімсымақтарға деген оның ызасы да мол. Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки,бұзған жоқ па елдің сиқын?- деп,ол ел ішіндегі адамгершілік жағынан да,мінез-құлық жағынан да татымсыз топты бөліп көрсетеді. Абайдың алғашқы сыншылдық өлеңдері ХІХ ғасырдағы орыс реализмінің сыншыл сарынын үлгі тұтқанын,сол жолдағы ізденісін, беталысын байқатады.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота