Ауыл дегенде айтылар әңгіме бөлек. Ондағы адамдар өте қонақжай. Бара қалсаң, бәрі мәз-мейрам болып, сені күтіп алады. Ауылдағы достарым да жаз келсе, бізді асыға күтетін. Әлі күнге дейін ауылға бара қалсам, алдымен достарымды іздеймін. Оларға деген махаббатым шексіз. Ауылдың бәрінен де табиғаты ұнайды. Көктің иісі сіңген таза ауа мені бір керемет күйге бөлейді. Үйлердің баулары бау емес, орман-тоғайдай. Жемістері қашан көрсең самсап пісіп, жерге домалайды да жатады. Оларға ешкім су құймаса да, арықтан келген судан құмарлана ішіп, жеміс беруін тоқтатпайды. Көкөністер де молынан піседі. Тіпті үйге арнайы азық-түлік алып келудің еш қажеті жоқ па деймін. Ауылдағы үйден құрт, май, ірімшік, айран, сүт үзілген емес. Үйдегі жеңгемнің пісірген ыстық нанын бір жесең қара кешке дейін тоқ жүресің. Ауылға бір бара қалсам анамның айтуынша үйге домаланып келемін. Менің ауылыма еш жер жетпейді
Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туысы болып келетін Арыстанбаб болды.