«Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер» және «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаты 6.2.1.1 -мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру
6.3.3.1 ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік
мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;
6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай
отырып, мінездеме, өмірбаян құрастырып жазу
1-тапсырма
Мәтіндегі негізгі , қосымша және детальді ақпараттарды анықтаңыз.
Жауырыны жерге тимеген Дәулет
«Мұндай палуандарды сирек кездестіресің. Онда таңғажайып талант бар! Шеберлігінде шек жоқ, нағыз гауһар. Атақтың ешқандай құпиясы жоқ. Дәулеттің құпиясы оның мінезінде жатыр. Оның бойында қазақтың дархандығы, мақсатқа жетудегі табандылық, шынайылық,жомарттық пен мейірім бар!» – дейді ол туралы бапкері Геннадий Андреевич Сапунов.Бапкері – палуан, күрестен КСРО, Еуропа, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, КСРО, Белорусия мен Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Сидней олимпиадасында
Қазақстан құрамасына жетекшілік еткен. 36 жылдық бапкерлік қызметінде Олимпиаданың 20 чемпионы мен әлемнің 50 чемпионын тәрбиелеген. Ал Дәулет Болатұлы Тұрлыханов - 1963 жылдың 18 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында дүниеге келген. Палуан, грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, КСРО-ның
жеті дүркін чемпионы, КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері және жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Әлем чемпионы және күміс жүлдегері, қола жүлдегері, Әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы, ХІІ Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы, ХХIV-XXV Олимпиадалық ойындардың күміс, қола жүлдегері болған. 1995, 1999 жылдары екі мәрте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. 2000-2006 жылдары Туризм және спорт агенттігінің төрағасы, Мәдениет, ақпарат
және спорт министрлігі спорт комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.
Қырғызстан олимпиадалық қозғалысын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Олимпиадалық орденімен, FILA, ҚР Ұлтық олимпиадалық комитетінің алтын медальдармен, І дәрежелі Ұлы Петр орденімен, көптеген медальдарымен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат
Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды тауып, түсіндіріңіз.
Дәулеттің бапкері кім?
Дәулет қашан, қайда дүниеге келген?
Ол қай спорттың түрінен спорт шебері?
Олимпиада ойындарындағы жетістігі қандай?
Саясаткер ретінде кім болды?
2-тапсырма
Мәтіндегі ақпаратты пайдалана отырып, графиктік мәтін құрап жазыңдар
Су – а ң өмірі мен экожүйені сақтаудағы негізгі табиғи компонент. Су қоры тапшы өңірлердің экономикасы құлдырайтыны белгілі. Ал еліміздің жалпы су ресурстарына, Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық дамуына қолданыстағы су қорлары ықпал етеді.
Қазақстан қазіргі кезде су қорының тапшылығы аса байқала қоймаған елдер қатарына
жатады.Әйтсе де, Арал–Сырдария және Нұра–Сарысу сушаруашылық алаптарындағы жағдай басқаша.
Еліміздің қалпына қайта келетін су қоры жылына орташа есеппен 100,5 км3-ді құрайды. Соның тек 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасады. Қалған 44,0 км3 – шегаралас мемлекеттерден келетін су қоры. Мысалы, Қытай Халық Республикасынан – 18,9 км3, Өзбекстан Республикасынан – 14,6 км3, Қырғыз Республикасынан – 3,0 км3, Ресей Федерациясынан – 7,5 км3. Сондықтан Қазақстан көрші елдердің трансшегаралық өзендерінен келетін ағын суға өте тәуелді.
Табиғатты қорғау мақсатында өзендер мен көлдердің (экологиялық ағынды) экожүйелерін қорғау үшін жалпы 100,5 км3 су қоры қалыптасуы қажет болса, бізге әр жыл сайын 38,6 км3 қажет. Арналар мен өзендерде қажетті инфрақұрылымның жоқтығынан, булану, сүзгілеу және Қытай, Ресей сияқты шегаралас мемлекеттерден судың міндетті түрде келіп түсуі тиіс көлемінің жеткіліксіздігінен жылына 29 км3 су жетпей отыр. Оның үстіне су қорының 12,8 км3-і өзеннің ағын суының табиғи өзгергіштігі себебінен толықпай қалуда. Сонымен Қазақстан Респуб қазіргі уақытта су қорының қолжетімді, тұрақты және сенімді көлемі жылына 23,2 км құрайды.
(«Қазақстандағы су ресурстарының өзекті мәселелері» мақаласынан)
* Китап галим — телсез мөгаллим.
* Китапның белмәгәне юк.
* Китапсыз өй — ишәк абзары.
* Үзеңнең надан икәнеңне беләсең килсә, күп китап укы.
* Безне адәм иткән — уку, Адәмне алга илткән — уку.
* Гыйлем акчага килми, тырышлык белән килә.
* Ерактагы укып беленә, якындагы күренә.
* Заман хәзер шундый заман: Укымаган эттән яман.
* Күп укыган күп белер.
* Кояш җирне яктырта, уку мине.
* Уйламый уку — аңгыралык, Укыганда икенчене уйлау — саңгыраулык.
* Уку — күңел нуры, Укымый калган — кеше хуры.
* Уку каты булса да җимеше татлы.
* Уку — очкан кош, Язу — тозак.
* Укусыз белем юк, Белемсез көнең юк,
* Уку төбе — туку (кат-кат әйтеп күңелгә сеңдерү).
* Укы да бел, уйна да көл, Уйнавын уйна, Йомышны да уйла.
* Укыдым дип әйтмә, аңладым дип әйт.
* Укып белү бер башка, Күреп белү бер башка.
* Укысаң белерсең, Укымасаң бөләрсең.
* Эшләми укуның кадерен белмәсәң, эшли-эшли укырсың!
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ НАУРЫЗ
Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан берітойланып келеді. Бұл мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан ерте кезден өткізеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.
Наурыз - жыл басы. Парсы тілінде "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деген ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне алдын - ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. "Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал ексең, он тал ек!", деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата береді.
Дәстүр бойынша Наурыз айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы.
Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. "Көкпар", "Бәйге", "Қыз қуу", "Жамбы ату" ойындары аса бір қуанышпен өтетін. Көңілді өткен Наурыз күні әр адамның есінде көпке дейін сақталатын. Біздің 79 гимназияда Наурыз мерекесін қарсы алу дәстүрге айналған. Мерекеге арналған қабырға газеттерінде "наурыз" тарихы жазылып, өлең-жырлардан үзінді беріледі. Сахнада наурыз мерекесіне арналып көріністер қойылады. Гимназияда "Ұлыстың Ұлы күніне" арналған мереке ерекше қуанышты өтеді. Жүректер жылыуын таратқан көктемнің бақыт сыйы Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын - Достық мерекесі.
22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түнтеңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, а құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады.
Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Мұсылман қауымына Исламның 7 байлығын тiлеймiз. Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!
Ұлыстың ұлы мерекесiн тойлауға халқымыз биыл 13-рет дайындалып жатыр. «Ұлт жоқ. Ұйысқан Одақ қана бар» деген Кеңестiк дәуiрдiң солақай саясаты 1926 жылдан 70 жылдай ұлт мерекесiн терең зындан түбiнде бұғаулап ұстағанын бiлемiз. Одан кейiнгi ашаршылық жылдары, Ұлы Отан соғысы, ұлт зиялылары мен ұлт құндылықтарына қарсы дүркiн-дүркiн шабуылдар халқымыздың салт-дәстүрлерi мен әдет-ғұрпының үкiсiн қисайтуға тырысып бақты. Тiптi, ашаршылық жағадан алған тұста жарапазан - жас балалардың нан сұрап жеу тәсiлiне айналғаны шындық. Елiмiздiң солтүстiк бөлiгiнде көрiсу ғұрпы санадан өшкен. Ал 31 желтоқсан түнi Жаңа жылды табалдырықтан аттатқан кейбiреу төл мейрамды мойындамайды да. Мұның бәрiн бүгiнгi жастың кемшiлiгi деу жөн бола қоймас. «Бала жасындағысын ұмытпайды». Көнекөз қариялар - салт-дәстүр сабақтастығының соңғы буыны. Ал 70 жыл идеология құрбаны болған мерекенiң көптеген ырым-жоралғылары кейiнгiлерге таныс емес.
Наурыз - кей бiлгiштердiң жаңалық ашып, онысымен жұртты адастырып жүргенiндей, дiни мереке емес. Бұл бағзы заманнан қалыптасқан бүкiлхалықтық Жаңа жыл. Оны Иран, Ауғанстан, Үндiстан, Кавказ және Орта Азия халықтары төл мерекесi ретiнде тойлайды. Алайда, «Әр елдiң салты басқа, итi қара қасқа» демекшi, дәстүр өзгешелiгi де орын алған.
Халқымыз жаңа жылға ертеден дайындалатын. Қысқы соғымның әбден сүрленген қадiрлi мүшелерiн осы күнi қазанға саламын деп сақтаған.
Жас келiндер, бойжеткендер болса, кесте, орамал тiгiп, бозбалалар жағы ағаштан тұрмыс бұйымдарын жасап, темiрден сәндiк бұйымдарын соққан. Мұның бәрi - күн мен түн теңесетiн шақта кәдеге асатын «ұйқыашар», «селт еткiзер» жоралғыларының сый-тартулары. Көктемгi «өлiара» өтiсiмен, ата-бабамыз үй айналасын тазартып, қалың қар тiгiсi сөгiлген жайылымға мал шығарған. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кiрсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген сенiм бойынша, үй-iшiн де қағып-сiлкiп, отпен аластайды.