Бас. Ірі қарада бас екі шекеге бөлінеді. Жылқыда кеңсірігі бір бөлек, бас екі шекеге бөлінеді, кеңсіріксіз тұтас та асылады. Жақ. Қой, ешкіде тілмен тұтас жүреді, ірі малдың жағы екіге айырылып, тілі бөлек мүше саналады. Жақ ет, ұрт ет. Ірі қараларда бөлек алынады, көбінесе қуыр-даққа пайдалынылады. Мойын. Алты буын. Бұл қонаққа, сыйлы адамдарға ар-наған табаққа салынбайды. Оны отбасының өзі жейді. Мойын ет. Ірі қарада бөлек сылып алынатын ет, көбінесе қуырдақ қуырады. Бұғана. Екі жақта үш талдан 6 тал. Мүше орнына саналады. Қара қабырға. Алты тал. Мүшелермен бірге әр уақытта табаққа салына береді. Сүбе. Етегімен алынған 6 қабырға. Таңдаулы мүшелердің бірі. Қазы. Семіз жылқыда 20-ға жуық қазы айналдырылады, кейбіреуі қабырғасыз, жыл-қының, басқа малдың ішегіне айналдырылады. Төс. Қыз-күйеулер үшін таңдаулы мүше. Төс ет. Жылқы, сиырда осылайша аталады. Көбіне қуырдақ жасалады, сүрленеді. Төстік. Қойда осылай аталады. Терісімен істікке шаншып, отқа қақтап, құйқасымен жейді.
Әрбір адам денінің сау болуы үшін, қолдан келген нәрсені жасау қажет. Денсаулықтың басты мәселесі, ол тазалық. Тазалық барда, артық аурудан аман боламыз.
“Денсаулықтың қадірін ауырған адам ғана біледі” деген сөз дұрыс айтылған. Себебі, суық күнде жеңіл киіну, дұрыс тамақтанбау, тазалық ұстанбау, спортпен шұғылданбау бізді сырқаттануға әкеліп соқтырады.
Денсаулықтың тағы бір кепілі, ол тамақтану және спорт. Дұрыс тамақтану адамның көңіл күйіне де әсер береді екен. Уақытылы тамақ ішу біздің күш—жігерімізді молайтып, кей ауру түріненде қорғайды. Ал спортқа келетін болсақ, оның орны тіптен бөлек. Спорт адам өмірін ұзартады, шыныққан адам әрқашанда төзімді әрі шымыр келеді, сондықтан көп ауыра бермейді.
“Бірінші байлық денсаулық” деп босқа айтылмаса керек. Деніміз сау болса, ол бізге қымбат жақұттан мың есе артық. Деніміздің саулығы өз қолымызда!
Бас. Ірі қарада бас екі шекеге бөлінеді. Жылқыда кеңсірігі бір бөлек, бас екі шекеге бөлінеді, кеңсіріксіз тұтас та асылады.
Жақ. Қой, ешкіде тілмен тұтас жүреді, ірі малдың жағы екіге айырылып, тілі бөлек мүше саналады. Жақ ет, ұрт ет. Ірі қараларда бөлек алынады, көбінесе қуыр-даққа пайдалынылады.
Мойын. Алты буын. Бұл қонаққа, сыйлы адамдарға ар-наған табаққа салынбайды. Оны отбасының өзі жейді.
Мойын ет. Ірі қарада бөлек сылып алынатын ет, көбінесе қуырдақ қуырады.
Бұғана. Екі жақта үш талдан 6 тал. Мүше орнына саналады.
Қара қабырға. Алты тал. Мүшелермен бірге әр уақытта табаққа салына береді.
Сүбе. Етегімен алынған 6 қабырға. Таңдаулы мүшелердің бірі.
Қазы. Семіз жылқыда 20-ға жуық қазы айналдырылады, кейбіреуі қабырғасыз, жыл-қының, басқа малдың ішегіне айналдырылады.
Төс. Қыз-күйеулер үшін таңдаулы мүше. Төс ет. Жылқы, сиырда осылайша аталады. Көбіне қуырдақ жасалады, сүрленеді.
Төстік. Қойда осылай аталады. Терісімен істікке шаншып, отқа қақтап, құйқасымен жейді.
Денсаулық—зор байлық.