В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
falendadmitry
falendadmitry
15.12.2021 02:40 •  Қазақ тiлi

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол. Бұл қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Сондықтан мен үшін мұғалім – ең мәртебелі, құрметке лайық мамандық. Менің түсінігімдегі мұғалім – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та­бандылықтың үлгісін көрсетуші, жа­ңа­шылдықтың бастаушысы, жү­ре­гі – жылы, көңілі – дарқан адам.

Барлық ұлы адамдар мұғалім алдынан өткен, білім алған, үлгі-өнеге көрген. Олардың бәрі ұстаз алдына бас иген. Ұстаздар шәкірттерге туған баласындай қарап, ақыл айтып, білім нәрімен сусындатып, оңы мен солын танытады. Әр баланың көңілін тауып, жағдайын жасап, қамқорлық көрсетеді. Балалар мұғаліміне зор құрметпен қарап, өзінің ішкі сырларымен ашық бөліседі. Ұстаз жеке уақытын аямай, барлық білімін, жан-дүниесін, мейірімін оқушыларға береді. Тіпті өмірден өз орнын табуға да көмектеседі.

Мектеп қабырғасында біз көптеген пәндерді оқимыз. Мен үшін ең маңызды пән – қазақ тілі. Қазақ халқы талай жылдар бойы аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізгенінен бері көптеген армандар орындалды. Соның жарқын көрінісінің бірі біздің елде мемлекеттік тіл - қазақ тілі.

Мен – Гилязитдинова Наталья, қасиетті Әулиекөл ауданының атақты ғалым Шоқан Уәлихановтың туған жерінің тумасымын. Ұлтым татар болса да, жүрегім үнемі «қазақ» деп соғады. Мен оқитын тоғызыншы сыныбым көп ұлтты, бірақ бәріміз өте татумыз, әрқашан бір-бірімізге қол ұшын созамыз.

Мемлекеттік тілді жақсы деңгейде меңгеруім қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімім - Мадина Хамзақызының еңбегі деп білемін. Ол бізге қазақ тілін бірінші сыныптан беріп келе жатыр. Оқушыларына үнемі ақыл айтып, жөн сілтеп отырған ұстазымыздың сөзі біз үшін алтыннан да бағалы .

Мүмкін сондықтан мұғаліміме еліктеп, соған қатты ұқсағым келіп, мен келешекте жоғары оқу орнына түсіп, қазақ тілі пәнінің маманы болуды армандаймын. Жоғары оқу орнын аяқтап, өз ауылыма оралып, кішкентай бүлдіршіндерді қазақша оқытқым келеді. Мұратыма қол жеткізу жолында өзіме қазақ тілінде жетік сөйлеу деген мақсат қойдым. Бос уақытымда қазақша әндерді шырқауды, өлеңдерді жатқа айтуды, әдеби шығармаларды оқуды ұнатамын. Сүйікті ақын- жазушыларым - Мұқағали Мақатаев, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Қалқаман Сарин.

Жазда мемлекеттік тілді жақсы білетін, үздік оқушыларға арналған демалыс орнына бардым. Бірнеше жыл бойы қазақ тілі пәні бойынша республикалық олимпиада, байқау, сайыстарға үнемі қатысамын. Биылғы жылдың қыркүйек айында Қостанай қаласына барып, «Мың бала» байқауына қатыстым. Жеңіске жетпесем де, байқаудан қанаттанып келдім. Өйткені жаңа достарыммен танысып, олармен қазақ тілінде сөйлесіп, ерекше сезімдерге бөлендім. Желтоқсан айында аудан бойынша пәндік олимпиаданың бас жүлде иегері атандым. Осындай жетістіктеріммен мемлекеттік тілдің өркендеуіне шағын болса да, үлесімді қостым.

Мемлекеттік тіліне деген құрметім қазақ халқына деген құрметім деп түсінемін. Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері қазақ халқының мәдениетін, тарихын, әдебиетін, тілін білуге міндетті деген сөздермен ойымды аяқтағым келеді.

Показать ответ
Ответ:
SadDorry
SadDorry
27.09.2020 08:15

Бізде Қараханидтер дәуіріндегі екі үлкен әдеби ескерткіш бар. Біріншісі-Баласағұн ұлы Жүсіп Баласағұнидің «Құтадғу білік», екіншісі-Махмұт Қашқаридің «Дивани лұғат ат-түрік» туындысы. Жүсіп Баласағұни «Құтадғу білікті» он сегіз айда жазды. Әлеуметтік мәні терең және халықтың моральдық -этикалық бағдарламасы болып табылатын бұл туынды Қарахан мемлекетінің билеушісі Табғаш Арслан хан Богратегинге ұсынылды. Бұл классикалық туынды сол кезде тарихи -идеологиялық, психологиялық -педагогикалық, әдеби -мәдени дәстүрлердің, көркемдік -эстетикалық білімнің белгілі бір мектебі болғанын меңзейді. Мұндай ауқымды шығармалардың дүниеге келуі мен жазылуы тұтас шығармашылық кезеңнің нәтижесі.

Жүсіп Баласағын шығармашылығында ғылыми да, діни де деректер қолданылады, сондықтан ол интеллектуалды және рухани даму үшін азық ретінде бүгінгі күнге дейін өзекті болып табылады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Vados2002k
Vados2002k
29.06.2020 03:55

2)Қазақ қолөнері туралы Айжан Бекқұлфво не дейді( қысқаша түсінікпен жауап бересің)

1) Экспо - да біздің ұлттық өнеріміз көрініс тапты ма?(иə, əлбетте)

мəтінде қазақ халқының жоғалып, ұмытылып бара жатқан қолөнері туралы мəселе көтерілген.асылында бұны шешу үшін барша қазақ халқының көмегі қажет.

3) ұллтық қолөнерді дамыту үшін- əлбетте бəріміздің көмегіміз қажет.Неге дейсіз ғой? бұл əрине орынды сұрақ.Негізінен бұл көкейтесті сұраққа жұмыла көтерген жүк жеңіл деген мақалды жауап ретінде алуымызға болады.Өйткені, əрбір қаны қазақ адамның қолынан юір өнер келеді.Біреу ағаш ояр, біреу робототехника арқылы қолөнер жасайтын роботтар шығарар.Бұның бəрі бізге беймəлім.Себебі, бізде бұл сала дамымаған.Тек арнайы көрмелер үшін ғана дайындалады.Негізінен бұл саланы дамыту үшін ай сайын əр ауданнан іс- шаралар өткізіп тұрса, нұр үстіне нұр болары анық. Сонда ғана, Небір дарынды оқушылар сонда ашылып, қазақы өнеріміз дами түсіріне кəміл сенімдімін.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота