В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Dasha12541
Dasha12541
31.05.2023 10:55 •  Қазақ тiлi

Ссочинением на тему үш тілді меңгеру на казахском языке 100-150слов заранее !

Показать ответ
Ответ:
епклсзкищут
епклсзкищут
21.08.2020 18:59
Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Сондықтан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұрпақ қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болу мақсатында мемлекетіміз аямай қаржы бөліп, түрлі іс - шаралар ұйымдастырып келеді. «Үштұғырлы тіл» туралы жобаны Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария еткен болатын. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа жолдауында «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең - кезеңмен іске асыруды ұсынды.

Яғни, бұл бағдарламалардың басты идеясы Қазақстанды бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту керек. Атап айтатын болсақ, олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым - қатынас тілі және ағылшын тілі – дамыған мемлекеттермен терезе теңестіріп, солардың қатарына қосылу үшін қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз. Осы мақсатта бүгінгі күні қаншама бағдарламалар қабылданып, қаншасы жүзеге асырылып үлгерді. Барлық мекемелердің қызметкерлерін үш тілге үйрету қолға алынып, қазіргі таңда ол талапқа айналып бара жатыр. Елдегі барлық білім ордаларында ағылшын тілі тереңдетіліп оқытыла бастаса, орыс тілі бірнеше жылдан бері ҰБТ сынағында тапсырылатын міндетті пәндердің қатарына енді. Тіпті, мектептің бастауыш сынып оқушыларының сабақ кестесіне шетел тілін енгізсе, кей балабақшаларда көштен қалыспай, алты жасқа да толмаған бүлдіршіндердің тілін ағылшынша сөйлетуге күш салып жатқаны белгілі.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота