В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
AlinaAlina707
AlinaAlina707
06.10.2022 22:49 •  Қазақ тiлi

созылмайтын жіп оралған радиусы R валға F тұрақты күш түсірілгенде жіп тарқатылып вал айналады .Осы қозғалысты сипаттау үшін қандай теңдеуді қолдануға болады .​

Показать ответ
Ответ:
Впрвиво199119
Впрвиво199119
10.06.2020 12:10
Туралы айтқым келеді өзінің сүйікті спортсмене, ол үшін мені пір болатын спортта. Сергей Назарович Бубка дүниеге келген. Луганске. Жас Сергей спортты жақсы көрді, артықшылық бөлетін жеңіл атлетика. Девизбен өмір сайлады өзіне сөздер: күш, жылдамдық, техника. Танысу, танымал жаттықтырушы В. Петровпен перевернуло өмірі жас спортшы. Дәл Петров білді тәрбиелеу онда жеңіске ұмтылу. Бірінші тарихында жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында Хельсинки (1983 ж.) 19-жасар Сергей ие болды бірінші алтын медаль. Ал, Братиславада, тек растайды, ол чемпион, бірақ белгілейді әлемдік рекорд алып, биіктігі 5 м 85 см Поражаешься күші мен техникасы осы атлет. 10 жыл ішінде, 1984 жылдан 1994 жылға дейін, ол белгіледі 35 әлемдік рекордтар. Оның үстіне, 18 рекордтар Сергей орнатты жабық үй-жайларда. Тарихи болды оның бесінші рекорд - (13 шілде 1985 жылы Парижде) — Бубка бірінші еңсеріп, биіктігі 6 м. Сергей әділ деп санаған бұл биіктігі ол үшін шек емес. Оған дәлел болды ашық стадионда қ. Сестриер 1994 жылы оған покорилась биіктігі 6 м 14 см, ал Донецк добавился тағы бір сантиметр — жаңа рекорд-6 м-ден 15 см-Когда смотришь оның сөздері, поражаешься жеңілдігі, спортшыға покоряется планк. Ойландыңыз ба, қандай титаническая жұмыстар тұр осы, айқын оңай. Бұл тұрақты, изнурительный еңбегі. Жаттығу 5-10 сағат, бас тарту көптеген қызықтырар. Ал бұл кезде бар ма жеңіске? Әлем чемпионатында 1991 ж. Токиода Бубка алды, өздері үшін қарапайым, биіктігі 5 м 95 см, рас, компьютерлер анықтады, бұл жеңіспен тырысып, ол перелетел деңгей биіктігі 6 м 37 см. мамандардың айтуынша, Бубка ашпады толығымен өз мүмкіндіктерін тану жөніндегі өзінің Сергей, ол келмеді қалуы тарихы кейіпкері бір секіруді, американдық Боб Бимон, прыгнувший ұзындығы-8 м 90 см Олимпиада ойындарында 1968 ж. Сергей Бубка — жалғыз жеңіл атлет келмегенімен, бес әлем чемпионаттарында (1983-95 жж.). Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Х. А. Самаранч атады, оның ең көрнекті спортшы, қазіргі заманның. Және де онымен келіспеуге болмайды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Сахса2006
Сахса2006
16.09.2020 07:09
  Сүпірга бар ма? – деймін ұйғыр шалына.Ол маған: – бағ! – дейді. Шынында «бар» да демейді, «бағ» да демейді, мен естіп – білмеген бір дауысты дыбысқа апарып соғады.–         Веник есть? – деймін орыс шалына.–         Ол маған: – есть! – дейді.–         Сыпыртқы бар ма? – деймін едәуір жасқа келіп қалған мосқал қазаққа.Ол үндемей ғана сыпыртқы әкеліп береді.Билет он бес тиын, сыпыртқы он тиын. Моншада осыдан басқа не бар сөз боларлық? Мен осы сөз аздыққа үйреніп кеткенім сонша, басқа моншаларға барғым келмейді.Тим… Тимоша… Ким… Симка… Дим… Димка… осының бәрі бір-ақ адамның аты. Оның шын атын  ешкім білмейді. Мен өзім сұраған емеспін. Бұл тыриған арық, денсаулығы қыл үстінде, оқымаған, жұмыскер адам. Жаңағы үндемей ғана сыпыртқы әкеліп береді дегенім осы кісі.–         Оден! – дейді ол моншаның ішкі есігін ашып, алдыңғы залда кезек күткен адамдарға. Бұл оның бір адам кірсін дегені.–         Назат! – дейді, біреудің орнына екі адам кіріп бара жатса. – Назат!Кезегіңмен кірсең, билетіңді алады, орныңды көрсетеді, сыпыртқы сұрасаң, – береді. Сырт айналып жүре береді.–         Оден!Бұл тоя жеп көрмеген, қызыға киініп көрмеген, жасынан – ақ өнімсіз еңбектен аса алмаған сорлы адам. Өзі де «оден», көптің бірі емес, жалғыздардың бірі.Бір күні ол маған жақынырақ келіп:–         Ағай, он сом ақшаңыз бар ма! Керек еді, – деді ыржиып.Ширек ғасыр ішінде маған тіл қатқаны да осы, ширек ғасыр ішінде менің бетіме тура қарағаны да осы.Мен барымды бердім. Алды. Алғыс айтқан жоқ.Содан кейін талай рет кезекте тұрып моншаға түсіп жүрмін. Кезек тым ұзақ болғанда кезексіз өткізер ме екен деп Тима – Димка – Симкаға талай жалтақтадым. Бірақ, оның көзі маған бір түскен емес. Кезегімен өткізеді, билетімді алады,  сыпыртқы сұрасам, – береді, он тиынын алады, сырт айналып кете береді.Екеуміздің арамызда әдетке айналған амандасу да жоқ, таныстық та жоқ. Аты – жөн сұрасу да жоқ. Ширек ғасыр бойында баяғы бейтаныс қалпымызда келе жатырмыз.Бір күні тағы да сол моншада өзіміздің сүбелі жазушыларымыздың бірі кездесіп қалды. Ол менің арқамды біраз сабалап берді, мен оның арқасын сабалап бердім. Ол менің арқамды ысқылап берді, мен оның арқасын қызыл – шақа қылып бердім. Енді екеуміз жайkасып отырып алып қаланың жаяу өсегіне көше бергенімізде  Тимканың «Назат!» деген қатты айғайы естілді. Шешінетін жерге өтіп кеткен біреуді шегіндіріп жүр. – Назат! Назат!Осыған ұштасып біздің әңгімеміз де Тимкаға көшті. Менің сыбайласым Тимканың біраз қызық мінездеріне кездескен екен. Бір жолы Тимкадан сыпыртқы алғанда бір бес тиын, екі үш тиындық берген екен, Тимка бір тиынын қайырып беріпті… Мен жолдасыма өз басымнан кешкен жоғарыдағы әңгімені айттым. Кінәсіз – кінәратсыз күліп алдық.Күлкі аяқтала бергенде сыбайласым маған шұғыл бұрылып:–         Сен бұл әңгімені маған неге айтып отырсың? Әлде менің де қарыз сұрағым келіп отырғанын сезіне қалдың ба? – деді.–         Жоқ, сен қарыз сұраушы ма едің? Отыз баспа табақ кітабың баспада жатқан жоқ па?–         Бес ай кешігіп шығайын деп тұр анша керек еді?–         Екі жүз.–         Болады. Ертең соға кет!–         Бірақ, мен мына моншашыға ұсап жүз таныстықтан ажырасып кетеді екен деп қорықпа. Кітабым шыққан күні әкеліп беремін.–         Болды.Осыдан біраз күннен кейін мен ұзағырақ жолаушылап кеттім. Қайтып келісімен қаланың сыртында тұрдым да төрт – бес ай моншаға бара алғаным жоқ.Күзге қарай қалаға қайтқан соң моншаға келіп едім, ұйғыр шалы мен орыс шалы мені күлісіп қарсы алды. Тимошка жоқ екен.–         Ие, жайшылық па?–         Сұрамаңыз, қызығы бар…–         Не қызық?–         Тимка осы айдың басында демалысқа шыққан… хи – хи – хи.–         Содан бері күнде келіп моншаға түсетін болды… ха – ха – ха…–         Әдетте сіз моншаға келетін сенбі, дүйсенбі күндері таңертең келіп, түнге дейін моншадан шықпайтын болды. Ха – ха – ха…–         Неге?–         Сізге кездесем, – дейді.–         Сізге айтатын сөзім бар дейді… Ха – ха – ха … – Бұлардың ойында Тимканың біреумен сөйлесем дегені бір таңқаларлық іс болса керек.–         Бүгін дүйсенбі ғой, келеді қазір …Шалдар күлкіден аузын жиғанша болған жоқ, екі аяғын кезек-кезек сүйрете басып Тимка келді. Шалдар күлкіден тез тиылып теріс айналып кетті. Тимканың менімен не сөйлесетінін сыртынан бақыламақшы.Тимка менімен бұл жолы да амандасқан жоқ. Жақындап келіп шалбарының ышқырына үш саусағын тықты да орап – бүктеп, насыбай шақшаның тығынындай нығарлап тастаған бірдемені менің алақаныма қыстыра салды. Ып – ыстық екен… Мен не арыз, не хат болар деп қалдым. Ашып қарасам, жабысып қалуға жақындаған екі бес теңгелік екен!..Мен қызарып кеткен болуым керек. Екі бетім ду ете түсті.Тимка оныма қараған жоқ, теріс айналып жүре берді.–         Өй, Тим… тұра тұршы!–         Қазір…Тимка шығып кетті. Шешінген бойым моншаға түспей – ақ терлеп мен отыра қалдым. Қолымда базарға мың кіріп – шыққан екі  көк бес теңгелік… Әлі жып – жылы.–         Ныма, ныма? – деп, ұйғыр шалы қасыма келді.–         Што, што? – деп орыс шалы жақындап келеді.Бұларға не айтарымды білмей мен отырмын.Ұзамай Тимка қайтып келді. 
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота