Сосын жаяу жүргіншілер үшін пешеход қойған, сол арқылы адамдар көлік тоқтағанда және жаяу жүргіншілерое арналған бағдаршам арқылы өтуге болады сосын көлік келе жатқанда или көлік басып келе жатқанда жолдан өтуге болмайды, жол апаты болу мүмкін сосын жолда жаяу жүргінші келе жатқанда көлік бірден тоқтау қадет или жүруге болмайды сосын көлік көп жүретін жерде или жаяу жүргінші жүретін жерде көлікті қатты айдауға болмайды!
Қосымшаның түрлері.
Қазақ тілінде қосымша жалғау, жұрнақ болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз: жұмыс – жұмысшы, ойын – ойыншық, оқу - шы, бала - лы, орын - дық, сыр - мақ т.б.
Ал сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз: жұмыс – жұмыста, ойын – ойынға, дәптер – дәптерді, көше – көшеде.
Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар:
1. Септік жалғау;
2. Көптік жалғау;
3. Тәуелдiк жалғау;
4. Жіктік жалғау.
Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:
1. сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы - шы”, “біл - ім”, “жасы - қ”, “таға - ла”;
2. сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г) - ірек”, “сары - лау”, “сары - рақ”, “жаз - ып”, “жаз - ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет - ретімен жалғанады.
Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, одан кейін сөз түрлендіретін жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге де, туынды сөзге де жалғанады (“бас - шы”, “басшы - лық”, “ұйы - м”, “ұйым – дас – тыр – у – шы”).
Достық (жұрнақ) Адамдардың достығы әдетте жыл өткен сайын беки түседі.
Досым (жалғау) Менің досымның есімі - Арнұр.