Составьте правильно текст : топ "ұлытау " көптеген музыкалық аспаптарда ойнайды ,бұл оның ерекшелігі .ол домбыра ,гитара және скрипка ,дыбыстар үйлістіреді ,олар өте қызық естіледі .группа "ұлытау" сүйетін ,өз ісін ,тіпті олардың барабаншы айтады -"бұл топ қызықтырды мені өзінің
әртүрлілігімен,сондай-ақ оларға қатысушылардың жанды көз! "өз ерекшелігі мен өзгешеленді маған ұнады ,бұл топ.
Су туралы шағын шығарма.
Су – тіршілік көзі. Дана халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Себебі, тамақсыз бірнеше күн өмір сүре алсақ, сусыз тіршілік жоқ. Тіпті, адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Тіпті алғашқы тіршілік те судан басталған. Жер бетінде су - ең кең таралған зат.
Ал біз күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз - шындық. Сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандарды түсіне бермейміз. Қазіргі кезде өнеркәсіпте көп қажеттіліктерге суды пайдаланғаннан, өндіріс қалдықтары суды ластауда. Сондықтан күн өткен сайын ішуге жарамды таза су азайып барады. Бұл ретте біз қолымыздан келгенше суды үнемдеп, оның басты құндылық екенін естен шығармауымыз керек.
Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан...
Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.
Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.
Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған.
Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.