14-15 ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі — Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы — қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар Ақ Орда хандары — Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Барақ
Күшейген кезі
Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі — Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.
Жаңа дәуір
1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.
Жаңа заманның жазушылары Бейімбеттей шынайы өмірді көз алдымызға әкеле алады деген пікірге құлақ асайын десек, оған нақты дәлел бола алатын шығарманы кезіктіре қоймаған секілдіміз. Мұны жас сыншы Нұрбек Түсіпхан былай топшылайды: «Бұл мәселенің бірнеше себебі бар деп ойлаймын. Алдымен жазушылық шеберлік жетпейтін шығар. Бейімбеттің кейіпкерлеріндей жиынтық, типтік образдарды күнде жаныңызда жүрген адамдардай дәл суреттеу оңай шаруа емес. Ондай кейіпкерлерді тудырып, оқырманның бәріне де, барлық сатысына да түсінікті етіп жазу – Бейімбет Майлин сияқты суреткер жазушылардың ғана қолынан келеді деп білем. Екіншіден, қазіргі жазушылар Кеңестік жүйенің құрсауынан құтылған соң этнографиялық, қазақтың түпкі тарихы, тегі туралы, анығында көк бөрі ұғымы жайында көбірек жазады. Бұл – ұлттық психологияны ашуға талаптанудың көрінісі. Ұлт ретінде өзін-өзі тануға талпынған әрекет. Алайда, қазіргі жазушылардың басым бөлігі ғаламдық мәселелерге қызығады да жеке тұлғаның жан-дүниесін жазуға, күрделі психологиялық арпалысты суреттеуге келгенде ақсай береді. Мәселен, сол Бейімбет Майлин өзі күнде көріп, араласып, сөйлесіп, пікір алмасып жүрген жандардың образын ашты. Олардың көбі Мырқымбай, Жалбыр, Таңсық, Мұқыш – бәрі де қарапайым жандар. Оның кейіпкерлері Ленин, Сталин, Троцкий емес қой. Қарапайым сауыншы, шаруа адамы, малшы, жалшыларды жазу арқылы қоғамдық құбылысты, қазақ халқының саяси бетбұрысын сипаттай алды. Үшіншіден, бүгінгі ақын-жазушылар бір-бір ұлттық тұлғаларға, қайраткерлерге жабысып алады да, соның шеңберінен шыға алмай қалады. Аттары тарихта қалған тұлғалар туралы көркем шығарма жазу арқылы өздері де тарихта қалғысы келетіндей көрінеді кейде. Шын мәнінде, жазушы өзін, өзі өмір сүріп отырған ортасын жазса кейінгі ұрпаққа сол маңызды. Өзі бір дәуірде өмір сүріп отырған замандастарын ашып көрсетсе, бүкіл қоғамдық санаға серпіліс болар еді. Бүгінгі әдебиетте бүгінгі күннің кейіпкерлері жоқ емес, аз да болса бар. Тынымбай Нұрмағамбетов әңгімелерінің көбі көзіміз көріп жүрген жандар. Саясаттан алшақ, қарапайым тұрмыс иелері. Жазушының осы ерекшелігі де жетістігі дер едім. Ал, бүгінгі күннің қоғамдық, саяси тұрғыдағы жиынтық образдары әлі туады, жазылады деп сенем. Үміт үзуге хақым жоқ». Иә, үміт үзуге хақымыз жоқ. Дегенмен Бейімбеттің әңгімелеріндегі колхоз бастығы Досан, ауылдық кеңестің төрағасы Зәуре, партия ұясының хатшысы Орынбай, одан бөлек, Мұқыш, Күлпәш, Мақтым, алаяқ Көдебай, Әліш, Пүліштердің тағдыры арқылы колхоздастыру дәуірінің күрделі өмірі көз алдымызға келетіні жасырын емес. Бүгінгі шығармалардан алаяқ Көдебайдың образдары дәл осылай елес берсе, әдебиеттің көркемдігі ашылар еді ғой дейді бір ойымыз. Тағы бір ойым, бүгінгі өмірді жинақтап әкеп, біздің көз алдымызға көрсетіп беретін, нағыз талант тумайынша, қазіргі әр-әр жерде жылт-жылт еткен шалажансар шығармалардан Бейімбеттің кейіпкерлерін іздеу – қараңғы үйден қара мысықты іздегенмен бірдей емес пе дегенге саяды. Қалай десек те, Бейімбет – біреу екен. Қазақ-кеңес әдебиетінің жөні бөлек. Ол кездері жақсы шығарма, шынайы кейіпкер туылмады емес, туды. Бірақ олардың көбі кеңестік идеологияның жетегінде кетті. Ал біздің ендігі үміт Бейімбет сияқты нағыз суреткерлер өмірге келіп, шынайы қоғамның көрінісін дәл суреттеп беретін ұлы шығармалардың тууын күту ғана. Сонда ғана тәуелсіз қазақ әдебиеті жасалады.
14-15 ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі — Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы — қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар Ақ Орда хандары — Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Барақ
Күшейген кезі
Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі — Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.
Жаңа дәуір
1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.
Иә, үміт үзуге хақымыз жоқ. Дегенмен Бейімбеттің әңгімелеріндегі колхоз бастығы Досан, ауылдық кеңестің төрағасы Зәуре, партия ұясының хатшысы Орынбай, одан бөлек, Мұқыш, Күлпәш, Мақтым, алаяқ Көдебай, Әліш, Пүліштердің тағдыры арқылы колхоздастыру дәуірінің күрделі өмірі көз алдымызға келетіні жасырын емес. Бүгінгі шығармалардан алаяқ Көдебайдың образдары дәл осылай елес берсе, әдебиеттің көркемдігі ашылар еді ғой дейді бір ойымыз.
Тағы бір ойым, бүгінгі өмірді жинақтап әкеп, біздің көз алдымызға көрсетіп беретін, нағыз талант тумайынша, қазіргі әр-әр жерде жылт-жылт еткен шалажансар шығармалардан Бейімбеттің кейіпкерлерін іздеу – қараңғы үйден қара мысықты іздегенмен бірдей емес пе дегенге саяды.
Қалай десек те, Бейімбет – біреу екен. Қазақ-кеңес әдебиетінің жөні бөлек. Ол кездері жақсы шығарма, шынайы кейіпкер туылмады емес, туды. Бірақ олардың көбі кеңестік идеологияның жетегінде кетті. Ал біздің ендігі үміт Бейімбет сияқты нағыз суреткерлер өмірге келіп, шынайы қоғамның көрінісін дәл суреттеп беретін ұлы шығармалардың тууын күту ғана. Сонда ғана тәуелсіз қазақ әдебиеті жасалады.