«Ұлы дала – көшпенділер әлемі» қазақтар мен түркі халықтарының бай мұрасымен кеңінен танысуға мүмкіндік берді.
«Фестивальде ірі этномузыканттар мен спортшылар, бүркітшілер мен қолданбалы өнер шеберлері өздерінің таланттарын паш етті. Этномәдениет фестивалінің басты мақсаты – көшпелі халықтың ерте тарихын жаңғырту, өскелең ұрпаққа әр ұлттық өзара ұқсастығын түсіндіру», - деді қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов.
Шара барысында Қазақстанның жеті дүркін, әлемнің екі дүркін чемпионы, Гинесстің рекордтар кітабына екі рет енген Сергей Цырульниковтың басқаруымен алыптар шоуы болды. Олар күреседі, шегені қолдарымен қағады, темірді майыстырады, гир көтереді. Алып күш иесі Сергей Цырульников шеберлік сыныптарын өткізеді және көрермендер үшін арнайы жарыстар ұйымдастырды. Бұдан өзге, Андрош Бироның басқаруымен Мажарстаннан келген қонақтар әскери ат ойындарына қатысады, буряттық шаман Вэлигто Бадмаев ыстық тастар арқылы көз тиюден қорғайды. Башқұртстаннан келген садақшылар жаяу және ат үстінде тұрып «Мэргэн уксы» мергендік өнерлерін көрсетті. Қырғыздың «Салбуурун» командасы бүркітпен және тазы итпен аң аулау шеберлігін ұсынады.
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/202028-almatyda-uly-dala-%E2%80%93-koshpendiler-alemi-khalyqaralyq-festivali-otti

© egemen.kz