Составте диалог арқылы тексту. ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін — жетілдіруде ең бастысы тұрмыстағы сөйлеу қатынасына ерекше көңіл бөлу. әрқашанда дұрыс, нақты, айқын, түсінікті сөйлеу маңызды, ойды нақты жеткізе білу және сөйлеу объектісіне деген қатынасыңды бейнелі және эмоциялық бояумен білдіру. "ауру қалса да, әдет қалмайды" дегендей, күнделікті өмірде қате сөйлеуге үйреніп алсаңыз, қанша дайындалып, ескергеніңізбен көпшілік алдына шыққанда сол әдетіңізді қоя алмайсыз. сондықтан күнделікті тұрмыстағы сөйлеу мәнеріңізге аса сақтықпен көңіл аударыңыз. іскерлік әңгімелесулерге, кездесулерге, достарыңның арасында болатын әртүрлі мәселелерді талқылайтын пікірталастарға, пікірсайыстарға белсенді түрде қатысуға кеңес беріледі. бұл ң сөйлеу шеберлігін , дұрыс сөйлеуге кажетті машықтарды үйренуте, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге мүмкіндік береді.
«Сүйіспеншілік пен достық» тақырыбына дербес пікір жазу.
1. Cүйіспеншілік пен достық бар адамға тән деп есептеймін.
2. Себебі, сүйіспеншілік – тіршіліктің негізгі тірегі, сүйіспеншілік дегеніміз – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау. Ал «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағаммен тең» дегендей, достықсыз өмірімізді елестету қиын.
3. Бар жан дүниесі, жүрегі сүйіспеншілікке толы жан ешқашан жамандық ойламайды, себебі ол бақытты жан, оның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі.
4. Әрине, сүйіспеншіліксіз өмір сүруге әбден болады дейтін адамдар да кездеседі.
5. Дегенмен, сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп-көріп, мейірімін төккен ата - анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне бастайды.
6. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды. Ендеше, сүйіспеншілікті пен адал достықты өмірлік ұстанымызға айналдырып, барлығымыз бақытты, ал достығымыз мәңгілік болсын!