В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Артём2006706
Артём2006706
21.09.2021 10:55 •  Қазақ тiлi

Составить вопросы по тексту хотябы 2-3! )
п. жанқожа екі күн ақсақалдың үйінде жатты. аждаһа қайта оралмады. ауыл
үрейден арылып, тасаттық берді. үшінші күні еліне қайтты. үлкендер
батасын жаудырып ауыл іргесіне дейін шығарып салды. ауылдан ұзап шыққан соң
тізгінді
түн. жұлдыздар жымыңдайды. шалқалай туған айдың жарығынан жол бедері анық
байқалады. қызылқұмның ішінде торы атты құстай ұшырып келеді. кенет алдынан
ақ отау көрінді. айналасында қаз-қатар тізілген сансыз шам жанып тұр. бұл жер таныс
сияқты. анадай жердегі сексеуілге көзі түскенде барып, мұның жылқының елекcесі
жатқан жер екенін бірден сезе қойды. демек, торы ат жүйткіген екен. әйтпесе, бұл
жерге ертең түске тарта жетуі тиіс еді. он сегіз мың ғаламның тылсымын кім түсінер
дейсің? ! өз көзімен көріп өткен жазық далаға айналасында әскері жоқ демесең, хан
ордасы көшіп келгендей. әдемі ақ отаудың жанына барғанда іштен ханшадай киінген
сұңғақ бойлы қыз шықты. инабаттылықпен басын сәл иіп сәлем берді:
- жолаушы, алған бағытыңыз алыс көрінеді. бір түн қонақ боп тынығып алыңыз!
жанқожа ізет сақтап қызбен амандасты. астындағы торысы аман болса, ауылының
алыстығы білінбейді. айдаладағы ақ отаудан шыққан қыздың қолқасынан гөрі бұл
жерде қандай сыр бар екендігі көбірек қызықтырған тәрізді. құранды ердің басына
байлаулы тұрған сусын құятын ыдысын алған соң, атын қоя берді. ыдыстағы суға
жуынып алды. қыздың соңынан үйге кірді де төрге озды. дастарқан жайнап тұр екен.
«мынадай таңсық тағамдар елдің дастарқанында болса ғой» деп ойлап отырды.​

Показать ответ
Ответ:
SVIATOSLAV3000
SVIATOSLAV3000
16.01.2022 06:11

Абылай ханның ішкі саясаты

Бүкілхалықтық мойындауға және үш жүздің ханы атағына қарамастан, Абылайдың билігі шексіз билік болған жоқ. Сұлтандардың едәуір бөлігі, әсіресе Барақ сұлтан мен Әбілмәмбет ханның ұрпақтары Абылайды тақты заңсыз иеленді деп санады. Мәселен, Дайыр сұлтан 1781 жылы Орынбор губернаторына Абылай «ханның қадір-қасиетін мүлде әділетсіз иеленгенін, өзінің бала кезінде бауырларымен Түркістанда болғанын, хандықтын барлық әділеттік бойынша өзіне тиесілі» екенін жазды. Наймандардың билеушісі Әбілпейіз, иеліктері Обаған мен Есіл арасында орналасқан Құдайменде сұлтан тәуелсіз еді деуге болады. Түркістан мен Сырдарияның ортаңғы ағысында билікті бөліскен Сәмекенің баласы Есім мен Әбілмәмбетің баласы Болат өздерін хан деп атай берді. Хан билігіне наразы болған кейбір рубасылар оны тіпті әскери күшпен құлатуға да тырысты. Дағдылы құқықпен шектеулі Абылай, Ш.Уалихановтың айтуынша, сұлтандар мен рубасылардың бетімен кетуін ауыздықтауға ұмтылды. Абылайдың зор беделі қазақтарды ханға бағынышта ұстады. Абылай өзгерген сыртқы саяси жағдайда аман қалу үшін Қазақ хандығының саяси жүйесін көбірек орталықтану жағына қарай өзгерту қажет екенін өте жақсы түсінді. Бұған жету үшін хан бірнеше бағытта әрекет жасады.

Біріншіден, Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтылды. ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінде әрбір ру бірлестігі іс жүзінде автономиялы болды және оларды өздерінің билері, рубасылары басқарды. Бұл жүйе жағдайында хан көп жағынан билердің еркіне тәуелді болды және оның жекелеген рулар деңгейінде шешім қабылдауға ықпал етуге үлкен мүмкіндіктері болмады. ХVІІІ ғасырдың 20-30 жылдарында бұл жүйе өзгере бастады, белгілі бір ру әскербасы және саяси көшбасшы етіп шақырған сұлтандардың рөлі арта түсті. Абылай жүздер мен үлкен бірлестіктерді басқаруға дәстүрлі қазақы кісілік рухы негізінде бір орталық буындары элементтерін енгізуге ұмтылды. Ханның көптеген балалары осындай билеушілер рөліне кірісті. 1774 жылы Әділ сұлтан Ұлы жүздің бір бөлігінің билеушісі болып тағайындалды, оған арнап Абылай Талас аңғарына қала салып, оған қарақалпақтарды қоныстандырды. Солтүстік-шығыс Жетісуда оның басқа бір баласы Сүйік, Орталық Қазақстанда Қасым билік етті. Орта жүз бен Ұлы жүздің барлық дерлік жері ханның балалары арсында бөлінді. Тек Кіші жүзде және Орта жүздің батыс бөлігінде Қайып ұрпақтары, Орталық Қазақстанның кейбір аудандарында – Барақтың ұрпақтары, ал Қытаймен шекара өңіріне таяу жерлерде және Сырдарияда Әбілмәмбеттің ұрпақтары – сұлтандар билік етті.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
ляпрпммм
ляпрпммм
22.10.2020 22:08

Объяснение:

ответ:Сәлем,досым!(леп белгісінің қойылу себебі,бұл жерде автордың көңіл күйі көтеріңкі ) Қалын қалай?(сұрақ белгісінің қойылу себебі автор жауап алу мақсатында сұрақ қойып отыр) Нүкте қойылған сөйлемдерде мән жағдайды айтып хабарлап жатқандықтан қойылған. Рақмет!(леп белгісі қойылған себебі автор ризалығын,рақметтілігін білдіріп ,сөйлемде өзінің қуанышты көңіл күйін білдіртіп тұр) Т.б Объяснение: Егерде сөйлем соңында (!)леп белгісі қойылса,онда бұл сөйлемде автордың көңіл күйі білдіргендігі,және ерекше екпінмен айтылуына байланысты болады. Егерде сөйлем соңында (?)сұрақ белгісі кездессе,онда бұл сөйлемде автор бағытталған адамнан жауап алу мақсатында сұрақ қойып тұр дегені. Ал (.)нүкте қойылса,онда бұл сөйлемде күнделікті,т.б. болып жатқан нәрселерді баяндап,хабарлап тұр деген сөз

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота