В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
КсюшаЛор
КсюшаЛор
28.09.2022 22:21 •  Қазақ тiлi

Составить текст по казахскому: из слов ЫБЫРАЙ Алтынсарин, оның, балаларға, ашқан,ол,ұстаз, әңгіме, мектеп,дара.
Мне нужно составить из каждого слова предложения чтобы получился текст

Показать ответ
Ответ:
Pomashка03
Pomashка03
17.08.2021 02:33
Жақын туыстары Абай қазасынан кейін, Әлихан Бөкейхановтың кеңесі бойынша ақынның асыл мұрасын жинастырып, баспаға әзірлеуге кіріскені мәлім. Бұл туралы құнды де¬ректі 1915 жылы “Қазақ” газетінде жария¬лан¬ған Кәкітайдың қазасына байланысты жаз¬ған  мақаласында: “1904 жылы Абай мар¬құмның өлеңін кітап қылып басыңдар деп, балаларына хат жаздым” деп Әлекеңнің өзі жеткізеді (Абай дүниеден өткенде алғаш рет орыс тілінде қазанаманы жазған да Әлекең екені белгілі).
Сөйтіп, Кәкітай мен Тұрағұл 1905 жылдың қысы мен жазғытұрымында Абайдың өлең¬дерін, қарасөздерін жинап, түгендейді. Ал, жа¬дырап жаз келгенде бұл екеуі Абай мұра¬сын көрші әрі туысқан есебінде болған Мүр¬сейіт Біке баласы деген молданың қолына бе¬ріп, әдемілеп көшіріп жазуды тапсырады. Көркем (ескіше хұсни) жазудың хас шебері Мүрсейіт молда, Әрхамның куәлігінше, ар¬найы тігілген қоста отырып, өз жұмысын бір айда аяқтап шыққан екен. 
Аға буын зерттеушілер көп зерделеген бұрыннан мәлім мағлұматтарды  қайталап жатудың қажеті шамалы.  “Абайдың алғашқы жинағы баспаға қалай әзірленді?” деген сұ¬рақ¬тың,  біздіңше, бүгінгі күні бір ғана астары қалған сияқты. Ол – аталмыш жинақтың шығуына шәкірті Шәкәрімнің қосқан үлесі   қандай еді деген мәселе. Төменде осыған баса назар аудармақпыз.
Бірден айтайық, Абай өлеңдері мен қара¬сөздерін жинастыру барысында Шәкәрім мынадай істерді атқарды деп санамалап өту қиынға соғады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Danil111234
Danil111234
15.05.2021 17:49
Қызығыңды көп көрдім,
Қарабастау, Құлансаз*.
Күндерімді өткердім,
Сенде жүріп ұзақ жаз.
Көкорайға жайылған
Секілді едік үйрек, қаз.
Ештеңе жоқ уайымнан,
Жүруші едік көңіл мәз.
Патша әмірі тарылды,
Оған қылар бар ма ылаж?!
Ішке толған зарымды
Кімге айтармын қылып наз!
Көген көзді қосақтап,
Қалай қиып берерміз?!
Көздің жасы моншақтап,
Көңіл шер боп өлерміз.
Көк жайлауды қалдырып,
Қайда көшіп кетерміз?!
Көкіректі зар қылып,
Қорлықпен қайтіп өтерміз?!
«Бес үйден бір жігіт!» деп,
Болыстар жүр шапкылап.
Жасауылы үй тінтпек,
Қылыштары жарқылдап.
Бүйтіп көрген күн құрсын,
Жапырақтай қалтырап!
Таусылғандай тынысың,
Күнде жүрек қансырап.
Дүниенің кеңдігі -
Жүргеніңде басың бос.
Жан қысылса, белгілі,
Таба алмайсың жақын дос.
Өз араңнан шыққандар
Таяқ соғар өзіңе.
«Әр нәрсеге - бір зауал»
Дейтін еді кезінде.
Би, болысты тәңірі атты,
Ел қорғауға жарамай.
Ағайынды еңіретті,
Көз жасына қарамай.
Енді ойласақ, не қалды,
Ата жұрттан кету бар.
Жолға тігіп не жанды,
Тәуекелге беку бар!
Не болмаса шыбындап,
Тағдырыңа көну бар.
Көнсең, күнде шығындап,
Ит қорлықта өлу бар!
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота