Аян:Салем Алина Алина:Салем Аян Аян:Алина сен қай ұлттың өкілісің? Алина:Менің ұлтым орыс. Аян:Соған қарамастан сен қазақ тілінде сөйлейді екенсің, жарайсың! Алина:Рахмет, мен қазақ тілін өз ана тілімдей жақсы көремін. Аян:Сен қанша тіл білесің? Алина:4 тіл білемін, Орыс, қазақ, ағылшын, неміс тілдерін. Ал сен ше? Аян: Мен 6 тіл білемін, қазақ, орыс, түрік , ағылшын, қытай және неміс тілдерін. Алина көп тіл білетін адамдарды қалай атайтынын білесің бе? Алина:Қалай? Аян:Полиглот деп атайды, сен екеуміз -полиглотпыз Алина: қандай керемет сөз, әліде көп тіл үйренуге тырысамын!
Алина:Салем Аян
Аян:Алина сен қай ұлттың өкілісің?
Алина:Менің ұлтым орыс.
Аян:Соған қарамастан сен қазақ тілінде сөйлейді екенсің, жарайсың!
Алина:Рахмет, мен қазақ тілін өз ана тілімдей жақсы көремін.
Аян:Сен қанша тіл білесің?
Алина:4 тіл білемін, Орыс, қазақ, ағылшын, неміс тілдерін. Ал сен ше?
Аян: Мен 6 тіл білемін, қазақ, орыс, түрік , ағылшын, қытай және неміс тілдерін. Алина көп тіл білетін адамдарды қалай атайтынын білесің бе?
Алина:Қалай?
Аян:Полиглот деп атайды, сен екеуміз -полиглотпыз
Алина: қандай керемет сөз, әліде көп тіл үйренуге тырысамын!
Ұлықбек Есдәулетов
Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан, ардақтым!
Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын,
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
«Сүйем!» десем - бәрі шын,
Қазақстан - намысым!
Әрбір тасы - киелім,
Әр уығы - жүйелім,
Ән кернеген жүрегін,
Күй кернеген тиегін,
Сары алтыннан сүйегің,
Қазақстан - жыр елім!
Шаңырағың - шырағым
Топырағың - тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан - қыраным!
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан,
Жұлдыз жансын жолыңнан,
Басыңа бақ орнасын,
Қыдыр болсын жолдасың,
Құдай сені қолдасын,
Қазақстан - көз жасым!..