Составить 10 вопросов по этому тексту! Әуежайдың қызметтік-техникалық аймағы әр түрлі қызмет түрлерін көрсетеді. Бүгінгі заманауи техниканың дамуына байланысты қолайлы жабдықталған.Ол әуе кемелерiнiң құрылымдық бөлiктерi мен құрылымын жөндеу бойынша жұмыс атқаратын орталық. Бұл орталық авиациялық дөңгелектер мен батареяларды техникалық жөндеуден өткiзiп, ұшақтардың құрылымын жөндеуге бағытталған. Сондай-ақ, техникалық бақылау қызметi күшейтiлген авиатехникалық зертханалар iске қосылған.
Ұшақтардың құрылымдық бөлiктерiне қызмет көрсету зертханасы мен металл өңдейтiн цех, ұшақтар құрылымының элементтерiн жаңарту және авиациялық тежегiштердi жөндеу цехы заманауи құралдармен жабдықталған. Цехтарда ұшақ дөңгелектерi, батареялары жөнделiп, оның құрылысын жөндеу мен техникалық бақылауды жүзеге асыратын зертханалық жұмыстар жүргiзiледi. Ұшақтарға техникалық қызмет көрсетудiң алғашқы аса iрi және күрделi формасын iске асыруда.
Қазiргi таңда елiмiзде инженер-техник мамандар тапшы. Осы мәселелердi жедел және тиiмдi шешу үшiн ұзақ мерзiмдi бағдарлама бойынша маман дайындау мақсатында Ұлыбританияға 4 маман оқуға жiберiлген. Олар Еуропалық авиациялық инженер лицензиясының иегерi атанып, қайта елге оралды. Студенттерге тәжiрибелiк жағынан қолдау көрсетудi жолға қойып отырмыз.
Ұнағанын ал
Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы пікірі климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиянды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады.
Осыған байланысты әлемдік ғылымда зерттеудің басым бағытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, табиғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ауыл шаруашылығына тікелей байланысты.
Климаттық өзгеру
Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда, климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашылығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.