Менің туған қалам – Павлодар қаласы. «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» демекші, өз туған қаламды ерекше жақсы көремін. Павлодар қаласы - Қазақстанның солтүстік – шығысында Ертіс өзенінің оң жағасында орналасқан Павлодар облысының орталығы. Менің туған қалам электр және жылу өндірісіне, сазды топыраққа, мұнай өңдеу өнімдеріне, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, құрылыс заттарына бағытталған өзіндік көп салалы өнеркәсіптік кешені бар Қазақстанның ірі индустриялды қала саналады.
Павлодар қаласы - ірі өнеркәсіп орталығы ғана болып қоймай, солтүстік Қазақстанның мәдениет пен өнерімен танылған орталығы. Қаламызда Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры, А.Чехов атындағы орыс театры, Өлкетану мұражайы, Бұқар жырау, Майра Шәмсуддинқызы атындағы және көркемсурет мұражайлары секілді мәдениет ошақтары бар.
Қала тарихына келер болсақ,1720 жылы Коряков әскери бекінісі (форпост) салынды. Ал қаланың ірі өнеркәсіп орталығына айналуына 1938 жылы өзімен аттас облыстың құрылуы және 1953 жылы Оңтүстік Сібір темір жол магистралінің салынуы үлкен әсер етті. Бүгінде Павлодар қаласы үш жүз жыл тарихы бар әсем гүлденген қалаға айналып отыр. Мен Павлодар қаласының тумасы болғанымды мақтан тұтып, болашақта туған қаламның одан әрі көркеюіне өз үлесімді қосамын.
Павлодар қаласы туралы.