СОР
Тапсырма
1. Мәтінді оқыңыз. «Сіздің ойыңызша, мәтін бойынша көтерілген мәселелердің қайсысы өзекті?» сұрағы бойынша «ПОПС формуласы» негізінде өз жауабыңызды білдіріңіз. «ПОПС формуласы» Менің ойымша, ...
Оны былай түсіндіремін: ...
Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдеймін: ... Ойымды былай қорытындылаймын: ...
Роботтардың пайдасы мен зияны
ХХІ ғасыр – ақпараттандыру технологиясы, жасанды интеллектінің дамыған заманы. Күнделікті өмірімізге роботтың да қарқындап еніп, түрлі салаларда өз міндеттерін атқарып жатқаны да соның бір дәлелі болса керек. Қазір роботтар ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқа да салаларда қолданылады. Әрине, роботтың адамға тигізетін пайдасы зор. Адам өзінің физикалық және ой еңбегін жеңілдету мақсатында роботтарды ойлап тапқан. Оны үнемі жетілдіріп, дамытып отырады. Адам ағзасы ыстық пен суыққа төзімсіз. Сондықтан да адамның жүруіне қауіпті жерлерде, жер асты, ай бетіндегі зерттеу жұмыстарында, адамның денсаулығына зиян келетін өндіріс орындарында, дәлдікті қажет ететін медицина, есептеу салаларында роботтың атқаратын қызметі, адамға әкелетін пайдасы ұшан-теңіз. Қазірдің өзінде роботтар қонақүй жұмысшыларын алмастыра алады, жол қозғалысын реттей алады, көлік жүргізіп, басқа да заттарды істей алады.
Сонымен қатар роботтың адамзатқа тигізетін зияны да жоқ емес. Британ ғалымдары роботтар адамдардың жұмыс орнын қаншалықты баса алатынын есептеді. АҚШ-тың өзінде алғашқы онжылдықта мамандықтардың 47%-ы толықтай автоматтандырылып, адамзат болашақта жұмыссыз қалуы әбден мүмкін. Бұл көрсеткіш Германияда 35%, Ұлыбританияда 30%, Жапонияда 21% болмақ. Қаржы саласындағы жұмыс орындарының 61%-ын роботтар алмастырады. Ал білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету саласында жасанды интеллектінің үлесі аз болады.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, еңбек нарығындағы бұл өзгеріс әлеуметтік теңсіздікке де әкелуі мүмкін. Сонымен қатар байлар мен кедейлердің арасы алшақтай түседі. Робот жасаушылардың табысы тез көбеймек.
Ал дене еңбегінің аз болуы адам денсаулығына кері әсерін тигізбей қоймайды. Адам психикасына, әсіресе балалар психикасына әсер, дамудың тежелуі, артық салмақ, ұйқының жетіспеуі, психикалық аурулар, агрессия жаңа технологияның жемісі.
Қорыта келе, Бауыржан Момышұлының «Техника қаншама дамып жетілгенімен, ойлайтын, парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды» деген сөзін естен шығармасақ екен.
Әлемнің жеті кереметі - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері.
Әлемнің жеті кереметі
Олар:
Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.
Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.
Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.
Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.
Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.
Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Родос алабы, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.
Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.