В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
sonasandimirova
sonasandimirova
01.02.2023 14:05 •  Қазақ тiлi

Сочинение на тему саки на казахском языке

Показать ответ
Ответ:
yliatroshenko
yliatroshenko
07.10.2020 14:03

Сақ тайпалары.

Б.з.д. I мың жылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі тайпалар «сақ» этнонимі арқылы белгілі. Жазба деректер олардың қазіргі Қазақстан территориясының барлық аудандарын қоныстануы және олардың 3 топқа бөлінгендігі туралы хабарлайды: сақтар тиграхаудтар (шошақ бөріктілер), сақтар-хаомоваргалар ( хаома сусынын дайындайтындар), сақтар-парадарайлар (теңіздің арғы бетіндегілер). Сонымен қатар, оңтүстікте – массагеттер мен даилер, солтүстікте – аргипеилер, шығыста – аримаспылар, орталық аудандарда – исседондар, батыста – савроматтар, оңтүстік-батыста – каспылар өмір сүрді. Бұл тайпалардың барлығы жақын этникалық-мәдени бірлестік құрап сақ тайпаларының одағының құрамына кірді. Тарих атасы Геродот сақтарды «азиаттық скифтер», парсылар «құдіретті еркектер», Иран жазбалары «жүйрік атты турлар» деп атаған.

Сақ тайпалары мал шаруашылығының үш түрімен айналысты: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Малдың негізгі түрі қой болды. Шаруашылықта және күнделікті тұрмыста  жылқы жиі пайдаланылды, мұны археологиялық деректер де растайды. Сақ жауынгерлері мен көсемдерінің қабірін ашқанда жылқылардың сүйектері табылған. Асыл тұқымды жылқымен бірге қарапайым жылқылар да болды, олар аса биік емес, аяқтары қысқа, бірақ өте төзімді болды.

Темірдің шығуы және шаруашылықтың прогрессивті түріне көшуі сақтардың мәдениетінің дамуына әсерін тигізді. Олардың көшіп-қонуы тұрмысы, басқа мәдениеттермен арақатынасы барлық көшпелі тайпаларға ортақ ерекше мәдениеттің пайда болуына әкелді. Жазба және археологиялық деректер сақтардың материалдық мәдениетінің кейбір элементтерін қайта құруға мүмкіндік туғызады. Олар киіз үйде және тұрақты тұрғын үйлерде тұрды. Бастарына төбесі шошақ бөрік, үстеріне құрамына белбеумен буылған мата көйлектер, аяқтарына тар енсіз шалбар мен саптама етік киді. Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның » киімі ежелгі сақтардың шеберлілігінің жоғарғы дәрежеде дамығандығын көрсетеді.  

Сақтар жайлы жазғанда ежелгі сақ халықтарының атақты әйел патшаларының бірі болған Томирис жайлы айтпау мүмкін емес. Анасы ерте дүниеден озып, әкесінің тәрбиесінде болған. Кішкентай күнінен әкесімен бірге еріп жүріп, талай рет жаудан да қашып құтылған. Бес жасынан асау атқа мініп, қолына кішкене семсер ұстап, соғыс өнерінің егжей – тегжейін үйрене бастайды. Томирис патшайымның тарихқа енуінің бір себебі ретінде әйгілі «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирмен шайқасын атауға болады. Жазба деректерге сүйенсек, Кир патша көптеген елдерді жаулап алып, «Азия әміршісі» деген атаққа ие болып, сақтарға қарсы жорыққа шығады. Шайқастардың бірінде Кир патшасы Томиристің жұбайы Рустамды өлтіріп, Тұмардың баласын қолға түсірген. Тұтқында Томиристің ұлы мерт болады. Ал Кир көшпенділер еліне елші аттандырып, олардың ханшасына өзіне тұрмысқа шығуын сұрады. Ал Томирис болса, ұсынысты қабылдамай, оның қанға тоймас басын қанға тұншықтыруға уәде береді. Ақыры, ұрыстардың бірінде жеңіске жетіп, Томирис Кирдің басын шауып алып, қан толтырылған сабаға тығып, «Аңсағаның қан еді, іш енді соны!» – деп айқайлаған көрінеді.

Алғыр стратег, ержүрек Томиристің халық арасындағы беделі де зор болған.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота