Емтиханнан сәтті өтуі үшін оқушылардың тақырыпты бірнеше рет қайталайтынын еске алыңыз. Арсыз фильмдердегі әр түрлі әйелдердің пошымына есі ауған ер кісі өзінің алдану (иллюзия) сезіміне тап болғанын байқамай қалады. Ұятсыз бейнефильм мида химиялық реакцияны іске қосып, дофаминнің тым көп бөлінуіне түрткі болады. Осы арқылы адам жалған-жылтырақ болса да ләззаттану мен қанағаттанудың дәмін татқандай болады. Бұл үдерістің (процестің) үздіксіз жүруі өте қауіпті. Өйткені, оның бәрі мида берік орнығып қалуы бек мүмкін.