Тәрбиелілік, сыпайылық, мәдениеттілік- бәрі адамның кім екенін білдіретін негізгі көрсеткіштер. Олар бір-бірімен өте тығыз байланысты. Тәрбиелі адам ешқашан өрескіл әдет көрсетпейді, ол айналасындағылармен сыпайы қарым-қатынаста болады, дөрекі іс-әрекеттерді, анайын сөздерді мұндай адамнан көрмейсің, естімейсің. Бұның бәрі бір адамның бойынан табылса, ол адам адамгершіліктің ең биік шыңында деп санаймын.