соч1-тапсырма. Мәтінді оқы Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста бірлесіп өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – а ң өсіпөнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды. Тірек сөздер: Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрімбұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Қазақстан Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заңды түрде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әкешешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті. Тірек сөздер: Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді. Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді. Кенже бала — отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады. Себебі ол – қара шаңырақтың иесі. Қара шаңырақ — үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. Қара шаңырақта балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен аталарын, жеті атасын үнемі айтып отырған.
1/Тірек сөздерді жаз
2-тапсырма. Мәтінді оқы
Биігін қар көмкеріп алақанаттанып жататын Алатау – табиғаты әсем Қазақ жеріндегі ең ірі тау жоталарына жатады. Оның қазақ үшін орны бөлек. Алатауды әнкүйге қоспаған ақын-жазушы жоқ шығар, сірә… Жер жәннаты Жетісуға көрік беріп тұрған Алатаудың қойнауы құтты – ауасы таза, шипалы судың көзі, мұнда өсімдіктің түр-түрі өседі, жануардың да түрі көп. Шыңды-құзды тау биігін қарлы шыңдар басып жатыр, қалың мұздақтар көп, тау етегінде – орман, аңғарында – шалғын. Қойнауы құпияға толы Алатау қазақ үшін биіктіктің, асқақтықтың символына айналған. Флора мен фаунаға аса бай сұлу табиғаттың Алатау аталатын ғажайыбы осы жерді мекендеген халық үшін де, келген-кеткен қонақтар үшін де үнемі сағындырып тұратын ерекше күшке ие.
1/Стиль Жанр
3-тапсырма. Мәтінді оқы.
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2010-2013 жылдары салынды. Театрдың салтанатты ашылуында Елбасы: «Зауыттар мен жолдар салатын ел, берік тірегін болашақ жылдар бойына орнатады. Мектептер мен аурухана салатын ел, ұлт болашағының ондаған жылдар бойғы қамын жейді. Театр тұрғызатын ел ғасырлар арқылы болашағына көз тігеді», – деген еді. Есілдің сол жағалауында орналасқан «Астана Опера» театры асқақ сән-салтанатымен көз тартады. Ғимараттың жалпы ауданы 64 мың шаршы метр. Оның 3000 шаршы метрін сахна аумағы алып жатыр. «Астана Опера» өзінің көлемімен ғана емес, сонымен қатар, әсем сәулетімен де таң қалдырады. Әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле салынған театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын байқалады. Театрдың Үлкен залы 1250 орынға есептелген, ал Камералық зал 250 адамға арналған. Техникалық мүмкіндіктері бойынша «Астана Опера» көптеген әлемдік театрлардан асып түседі десек артық айтқандық емес. 2013 жылдың 21 маусымында театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы – Абзал Мұхитдиновтың жаңа музыкалық редакциясындағы «Біржан – Сара» операсымен салтанатты түрде ашты.
1/Сөйлемді толықтыр.
Сол жақ жағалауда тұрғызылған «Астана Опера» театры ерекше …………………………. көркем. «Астана Опера» өзінің ………………….. қатар, көркем сәулетімен де таңдай қаққызады. «Біржан – Сара» операсы салтанатты түрде театрдың ………………………… ашты.
Өзгелік етіс - Понудительный залогПонудительный залог образуется при суффиксов -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз. Этот залог отсутствует в русском языке. Он обозначает “заставить, понудить, попросить, позволить, совершить какое-либо действие или принять иную форму состояния” и образуется при суффиксов. Например: Біз оған өлең айт-қыздық. - Мы заставили его читать стихи. Мен көйлек сатып ал-ғыз-дым. - Я попросила себе купить платье.
Ортақ етіс - Взаимный залогВзаимный залог - переводится как “совместно, одновременно с кем-то делать что-то” или “одновременно с кем-либо находиться в определенном состоянии”. Он образуется при суффиксов -с, -ыс, -іс. В русском языке подобный залог отсутствует, а взаимно-совместное значение выражается глаголами возвратно-среднего залога. Например: Мен досыммен құшақтастым. - Я обнялся с другом. Олар хат жазысты. - Они переписывались.
Менің әлеуметтік желідегі достарым.
Қазіргі ғылым мен техниканың күн өткен сайын қарыштап дамып келе жатқан заманында адам өмірін компьютерсіз, атап айтқанда ғаламторсыз елестету қиын. Ғаламтор өміріміздің барлық саласына еніп, бізді өзіне тәуелді етті десек те болады.
Қазір кішкене баладан бастап еңкейген қартқа дейін әлеуметтік желі қолданушысы. Мен де әлеуметтік желі қолданушысымын. Менің сүйіктім желім - Инстаграм. Инстаграм желісінде мен тек достарымның, туған - туыстарымның, спортшылар мен жұлдыздардың суреттерін көріп қана қоймай, сонымен қатар түрлі бейнебаяндар көремін және тегін марафондарға қатысамын. Жақында ғана бір апталық ағылшын тілінен "Ұялмай сөйлеп үйренеміз" атты марафонға қатысып, ырза болдым. Әлеуметтік желіде достарым өте көп, бәрімен хабарласып тұруға уақыт табуға тырысамын. Олардың ішінде шетелдік достарым да бар. Болашақта шетелде тұратын әлеуметтік желідегі достарыммен кездесуді армандаймын.
Сонымен қатар ағам шетелде білім алатындықтан, оның Инстаграм парақшасын тұрақты түрде қарап, жүктеген суреттерін көріп, өзімізде шетелде жүргендей күй кешеміз.
Бос уақытымның барлығын әлеуметтік желіде өткізбеймін, ата - анам ғаламторға шектеулі уақыт беретіндіктен оны тиімді әрі өзіме пайдалы жағынан қолдануға тырысамын. Келер аптада білікті дәрігер, диетолог маман өткізетін дұрыс тамақтану бойынша онлайн семинарға да жазылып қойдым. Ал сіз қай әлеуметтік желінің қолданушысыз?