СОЧ ПО КАЗАХСКОМУ Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл –
қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде
қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны сол
ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол
ауылдан шыққан. Сондықтан да елімізді кӛркейтуге осы бастан ӛз үлесімізді қосуға тиіспіз.
Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат болу. «Ауыл түбі –
бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани
маңыздылығын білдіреді.
Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт,
ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып
барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза
ауа, дала тып-тыныш болады.
Қала ӛмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін кӛліктің дауысы құлақ
тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ
кӛбіне ӛзімшіл болып келеді.
1. Мәтіннен мақалды табыңыз, мағынасын ашыңыз.
[1]
2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
Бүгіннен (антоним) - [1]
Қолы ашық (синоним) - [1]
4. Мәтінге сүйене отырып, кестені толтыр
Мәтіннен «қандай?» сұрағына
жауап беретін сӛздерді
табыңдар.
Мәтіннен деректі зат есімді
табыңдар
Мәтіннен кӛптік мәнді
есімдерді табыңдар
[2] [2] [2]
5. Сұраққа толық жауап жазыңыз. Ауыл адамдары қандай?
[1]
ІІ. ЖАЗЫЛЫМ
Берілген үш тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сӛздерді
орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда
реттік, жинақтық сан есімдерді, сӛйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды
қолданыңыз.
1. Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі
Жазғы демалыс кезінде ауылдағы туыстарыңыз қалаға қыдырып келді. Қонақтармен
қаланы аралауға шықтыңыз. Қай жерлерге апарасыз? Неге? Қала ӛмірінің ерекшелігін және
барған жерлеріңіз туралы сипаттап жазыңыз.
2. Отан отбасынан басталады
Әр адамның ӛз отбасы бар. Сол отбасында туысқандар, бауырлар ӛмір сүреді. Сіздің де
отбасыңыз бар. Барлығы сізді жақсы кӛреді, сіз де оларды жақсы кӛресіз. Отбасыңыздың бір
мүшесін сипаттап жазыңыз.
3. Таулар сыры
Біздің еліміз жазық жерде орналасқан. Тек кейбір облыстарда ғана таулар бар. Егер
еліміз тек таулы жерде орналасса, қандай мүмкіндіктер мен ерекшеліктер болар еді? Ӛз
ойыңызды жазыңыз.
- Қазақстан жерінде 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар.
- Қай өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді. ?
- Ертіс, Орал, Іле, Еділ өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді.
- Қай өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады. ?
- Сырдария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады.
- Бұл өзендерде нелер тіршілік етеді?
- Бұл өзендерде балықтардың бағалы тұқымдары тіршілік етеді.