В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
BobrLite
BobrLite
10.06.2022 10:16 •  Қазақ тiлi

Соч по каз яз, время не ограничено

Показать ответ
Ответ:
Kazybek0611
Kazybek0611
09.01.2020 16:13
Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес!
...Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртын ояу болған сайын,
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.

Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?

Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.

Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?

Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы - бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де баска шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім

Вот выбирай!
0,0(0 оценок)
Ответ:
pomogiplizplizpliz
pomogiplizplizpliz
05.09.2022 21:00

уақыттың бар болуы – барлық оқиғаның бір мезетте болмайтындығымен тікелей байланысты» деп альберт эйнштейн айтып кеткен. уақытты әр денсаулығына, жасына, көңіл-күйіне, қызметіне  байланысты әр түрлі өткізеді және әрқалай қабылдайды. есейген сайын, уақыты зымырап өтіп жатқандай көрінеді. уақыт жайбарақат күйде болғанда тез өтіп жатқандай болғанымен, асыққанда өте , ал  кей кезде бір нәрседен қорыққанда немесе бір нәрсені күткенде уақыт өтпей қояды, тоқтап қалғандай сезінесің.  отырыста, жұмыста жаныңда көңілді болып, олармен сөйлесіп отырсаң, уақытың сәтті әрі тез өтетін секілді, ал мағынасыз көп сөйлейтін уақытың жәй өтетінін байқайсыз. осы кезге дейін уақытқа ғылымда анықтама берілмегенмен, уақытты үнемді пайдаланатын ң өзі секілді. француз зерттеушісі мишель сифр 1960 жылы тәжірибе жасайды. ол күн көзі көрінбейтін, жарығы мен сағаты жоқ үңгірге кіріп екі ай өмір сүріп көрген. нәтижесінде, 4-5 сағат болмаса, әдеттегі 24 сағаттан жаңылмаған. яғни, уақыттың ақырын немесе өтуі тек өзіңізге байланысты. әрдайым жаныңызға жақсы жинап, уақытты тиімді пайдалана біліңіз деген қорытындыға келеді.

бүгінгі технологияның көптігі – уақытты дұрыс пайдалануға кедергі келтіруде. әйтпесе, бұрынғы 24 сағат уақытпен қазір де өмір сүрудеміз. уақытты жоғалтпас үшін әрбір күнін жоспарлағаны дұрыс. қарап тұрсаңыз, бүгінгі заманымыз өткен ғасырмен салыстырғанда айтарлықтай жеңілдеді. кезекке тұрмай-ақ, терминал арқылы коммуналдық төлем жасаймыз, ғаламтор арқылы сауда жасауға мүмкіндік туды. техника жоқ кезде қажет дүниенің бәріне өз аяғымызбен бардық қой. бір жерге бірнеше рет баратынбыз. бірақ, сол кезде уақыт жеткілікті еді. қазір көп уақытымызды осы компьютер, ғаламторға жіберіп . ң техникаға тәуелділігі артып барады. ғаламторға телміріп көп уақыт өткізіп шаршайсың. содан соң қ-психологиялық тұрғыдан шаршап, көп уақыт бойы өзіне-өзі келе алмай да жүреді. бірақ, өкінішке орай, бұл уақытты олар бос уақыт деп есептемейді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота