Соч казак тили 4 токсан
Оқылым
Тапсырма: Мәтіндерді мұқият түсініп оқыңыз, берілген тапсырмаларды орындаңыз. [5]
1-мәтін
Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытында, негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы. Жақын жердегі қысқа мезетті орындалатыны – серуен, алыс жерге аттанған ұзақ мерзімдісі – саяхат делінеді.
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туризм ұйымының (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын ұстайды, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын туризм қамтамасыз етеді.
Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінде басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Дүниежүзілік туризм ұйымының болжамы бойынша ХХI ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 биллион бірлік құрайды.
(Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет)
2-мәтін
Бүгінде әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына кіруге ұмтылып отырған тәуелсіз Қазақстанның алдында тұрған ұланғайыр міндеттер аз емес. Әлемдегі дағдарысты кезеңнен сүрінбей өтудің әрқилы жолдарын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрдайым айтып жүр. Оның басты бағыттары «Нұрлы жол» бағдарламасында тайға таңба басқандай айқын көрсетілді. Одан беріде Президент белгілеген «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамда» да одан әрі дамытылып, сараланды.
Осындай сындарлы сәттерде Елбасының бастамасымен қолға алынған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы экономиканы әртараптандыруға елеулі серпін бергені сөзсіз. Сонымен қатар, бұл орайда экономикамызды нығайта түсудің басқа да өрісті жолдары аз емес.
Бүкіл төрткүл әлеммен тығыз байланысымыз әр салада күшейіп, барыс-келіс үдей түскен қазіргі кезде экономиканың тынысын ашатын тағы бір шұрайлы жол – туризм индустриясын дамыту болмақ. Әлем сарапшыларының нақтылауына қарағанда, туризм индустриясы мұнай-газ саласынан кейінгі ел қоржынын толтыруда екінші орында тұрғаны белгілі.
Елбасы өзінің Жолдауында туризмнің жұмыс орындарын құруда өнеркәсіпке қарағанда, 10 есе арзанға түсетінін де қаперге салды. Президенттік Ұлт жоспарының 57-ші қадамында да туристік кластерлер құруда үздік тәжірибесі бар стратегиялық инвесторларды тарту қажеттігіне арнайы тоқталып өтті.
(https://www.inform.kz/kz/turizm-ekonomikany-damytudyn-oristi-zholy_a)
1. Екі мәтінді салыстырыңыз. [4]
1-мәтін 2-мәтін
Мәтіндердің стилі қандай? Себебі неде?
Мәтіндердің тақырыбы қандай?
Мәтіндердің түрлері қандай? Неге олай?
Мәтіндердің құрылымы қандай? Неге?
2. Берілген үзіндіні талдай отырып, комментарий жазыңыз. [1]
«Ұлт жоспарының 57-ші қадамында да туристік кластерлер құруда үздік тәжірибесі бар стратегиялық инвесторларды тарту қажеттігіне арнайы тоқталып өтті».
Жазылым
Берілген екі тақырыптың бірін таңдай отырып, жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай, сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін қолдана отырып, аргументативті эссе (120-140 сөз) жазыңыз. [10]
1. «Театр – көздің тамшысындай мөлдір дүние» (Ғ.Мүсірепов).
2. «Туризмді дамыту – ұзақ мерзімді экономикалық тиімді болашақ» деген пікірмен келісесіз бе? Қандай дәлелдер келтіре аласыз?
Бариста, Б
Радиохирург , В
Промоутер, Ә
Постижер, А